Шымкент: «Үздік аудан» номинациясы анықталды

Шымкент қаласының әкімдігі мен «Азаматтық альянс» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Таза қала» акциясының жеңімпаздары анықталды.


Акцияның мақсаты – жергілікті қала тұрғындарын өз аулалары мен көшелерін таза ұстауға баулу.

2012 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан акцияда, «Үздік аула», «Үздік көше, «Үздік шағынаудан», «Үздік аудан», «Үздік шағын бизнес», «Үздік құқық қорғаушы», «Үлгілі коммуналдық қызметкер» номинациялары бойынша жүлдегерлер анықталады.

«Таза қала — 2021» акциясының биылғы қорытындысына сәйкес, «Үздік аудан» номинациясын Еңбекші ауданы жеңіп алды.

Айта кетейік, акция аясында жеңімпаз атанғандар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.