
Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында да қардан тазарту жұмыстары атқарылды.
Орталық көшелердегі аяқ жолдар, аялдамалар мен ішкі аулаларда тұрғындардың қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілді.
Санитарлық тазалық жұмыстарына жауапты — “Жасыл жер” ЖШС.
Жалпы аудандағы тазалық жұмыстарына 45 техника және 180-нен астам қызметкерлер жұмылдырылған.
«ANYQ.KZ-ақпарат»