Шымкент: Жастарға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі түсіндірілді

Шымкент қаласы әкімдігінде студенттерді әкімдіктің қызметімен таныстыру және мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндіру бойынша “Ашық есік күні” өтті. Жиынға қала әкімі аппараты, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы бірлесе ұйымдастырған іс-шараға ЖОО, колледж шәкірттері қатысты.

Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев мемлекеттік қызметтің құрылымын, маңыздылығын түсіндіріп, аталған жиын шәкірттерге мемлекеттік қызметке кіруіне өз септігін тигізетінін атап өтті.

Қала әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің 20 пайызы 29 жасқа дейінгі жастар. Жас ұрпақтың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыруда бүгінгі жиынның маңызы зор. Қала әкімдігі бұл бағытта әрдайым қолдауға дайын, — деді аппарат басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, іс-шарада Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ардақ Қансейіт мемлекеттік қызметке азаматтарды іріктеудің жолдары, заңға енгізілген өзгерістерді баяндады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Мемлекеттік қызметке орналасуға іріктеудің жаңа пилоттық жобасы әзірленген болатын. Жаңа формат үміткерлерге әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.
«Eqyzmet.gov.kz» жүйесінің сыртқы порталында іске асырылатын мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленген. Конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдері, әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. «Е-қызмет» жүйесінде барлық маңызды ақпараттық жүйелер интеграция жасалынды. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босатады. Өзге ақпараттық жүйелерден үміткер туралы ақпарат алу, оның соттылығы немесе өзге бұзушылықтарға қатысы бар жоғын тексеру, үміткердің біліктілік талаптарына сай келуін қарау – мұның барлығын жүйе автоматты түрде өзі жасайтын болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.