Шымкент: Баспана мәселесі шешімін тапты

Шымкент қаласында 1 шілде күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары баспана мəселесін көтерген болатын.


Қала әкімі М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген. Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, салымшылар қуанышқа кенелді.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласында бүгінгі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 54 отбасы баспаналы болды. Оларға бұл бағдарламаның «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы бағыты бойынша
«Нұрсәт» тұрғын алабы, Н.Назарбаев даңғылында орналасқан 9 қабатты 112 пәтерлік №24,26 (5,6) тұрғын үйлердің кілті табысталды.

Аталған бағдарлама бойынша берілетін пәтерлердің 50%-ы жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тіркелген банк салымшыларына (көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылары т.б.) берілу жоспарланған.

Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес бұл тұрғын үйлердің пәтерлері балдық жүйеде 73 банк салымшыларына бөлініп, иелеріне пәтер кілттері тапсырылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Thanks , I have recently been looking for info about this topic for a long time and yours is the greatest I’ve discovered till
    now. However, what concerning the bottom line? Are you positive about the source?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.