Түркістан облысы: Сауран ауданының орталығында «Қызмет алушылар күні» өткізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан Агенттіктің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша, Сауран ауданы әкімдігінде Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен, «Қызмет алушылар күніне» арналған шара өтті.

Осыған орай, мемлекеттік қызмет алушыларға «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру, уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру, жедел медициналық көмек шақырту, пациенттерге стационарда емдеуге жатқызуға жолдама беру, азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды беру және т.б.» салалары бойынша қызмет көрсетушілер тарапынан келуші азаматтарға кеңес берілді.

Осы тұста атап өтер жайт, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Сауран ауданының әкімдігінде ағымдағы жылдың 5 сәуір – 21 мамыр аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.

Егер Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2024 жылдың 13 мамыр күні сағат 11:00-де Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында өтетін ішкі талдау жұмыстарының қорытындысын талқылау жиынына шақырамыз.

Тағы бір құлаққағыс, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ТО бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу ұсынылған болатын.

Осыған сәйкес, 2024 жылдың 6 мамыр күні, сағат 10:00 уақытта, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев 30 мекенжайда орналасқан «Сауран ауданы әкімдігі ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан «Фронт-кеңседе» «Құжаттандыру-куәліктер, паспорттар, жүргізуші көліктерін алу, әскери билеттер беру, ҰОС куәліктерін беру және т.б.» тақырыбына арналған іс-шара өткізіледі.

Жоғарыда аталған қызмет түрлері бойынша жауапты қызметкерлер тарапынан азаматтарды қабылдап, консультациялық кеңестер берілетін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin