Шымкентте полиция қызметкерлері мен ерікті жастар бетперде таратты. Бұл жөніде Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» фейсбук әлеуметтік парақшасында жарияланды.
Шымкент қаласында халық арасында індеттің алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері мен ерікті жастар қоғамдық орындарда тұрғындарға тегін маска таратты.
Карантин режимінің жеңілдетілгеніне қарамастан сақтық шараларын қатаң сақтап, санитарлық ережелерге бағыну қажет екені күн сайын тұрғындарға түсіндіріліп келеді. Шараның басты мақсаты — тұрғындарға бетпердені ұдайы тағып жүру қажеттігін және оны дағды етіп қалыптастыруды түсіндіру.
Полицейлер мен ерікті жастар арнайы белгісі бар бетперделерді шаһардың негізгі көшелері мен азаматтар жиі шоғырланатын орындарда таратты. Қауіпті індетпен күресу барысында медицина қызметерлерімен бірге полицейлер алдыңғы шепте жұмыс атқарып келеді. Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз. Айта кетейік, бұл шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, — делінген ақпаратта.
«ANYQ.KZ»—ақпарат
You’re in reality a excellent webmaster. The site
loading pace is amazing. It seems that you’re doing any
distinctive trick. In addition, the contents are masterpiece.
you’ve performed a magnificent activity on this subject!
Similar here: najlepszy sklep and also here:
E-commerce