Түркістан облысы: Биыл Созақ ауданының Қарақұр ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратының құрылысы аяқталады

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Қарақұр ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізіп, халық игілігі үшін жасалатын жұмыстарды кеңінен баяндады.

– Сіздердің алдарыңызға алда атқарылар жұмыстарымызды баяндау үшін келіп отырмыз. Сондай-ақ ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, келелі жоспарымызды бірлесе нақтылайтын боламыз. Биыл Қарақұр ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратының құрылысын аяқтап, ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортқа бетбұру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға басым бағыт беріледі. Заман талабына сай жабдықталған жабық үлгідегі ойын алаңшасын салып, бұл бағыттағы жұмыстар дәстүрлі түрде барлық ауылдық округтерде жалғасын табады. Бұған қоса 1,4 шақырымды құрайтын Құрманғазы көшесіне көше жарықшамдары орнатылады. Осылайша ауыл округтерді кешенді дамыту мақсатында жасалу қажет жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз. Айтар ұсыныстарыңыз болса, тыңдап, алдағы нақтылауда қарастыратын боламыз. Сіздер көтерген әрбір мәселе біз үшін өте маңызды. Оны шешу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз деді, — аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Спорт дегеннен ойға оралып отыр, Созақ ауданы тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 198 спорттық нысан жұмыс істеп тұр. 2023 жылы 5 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Қаратау ауылынан жабық кіші футбол алаңы, Созақ ауылынан 1000 орындық жаңа стадион, демеушілер есебінен Шолаққорған ауылының С.Әбуов және А.Спатаев көшелерінен балалар ойын алаңшалары мен кіші футбол алаңы және Шу ауылынан баскетбол, волейбол алаңшасы мен «Street workout», балалар ойын алаңшасы, Қаратау ауылдық округіндегі Саржаз елді мекенінен кіші футбол алаңшасы пайдалануға беріліп, Шолаққорған ауылының Түркістан бағытына қарай тас жол бойынан республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2024 жыл соңына дейін құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Ал құрылыс саласына келсек, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қордан Созақ ауылындағы спорт алаңы (2022 жылдан өтпелі) құрылысы басталып, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары (сыртқы инженерлік желілері)  аяқталып, қабылданды.

Қаратау ауылындағы жабық кіші футбол алаңының 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

2023 жылы Шолаққорған ауылынан заманауи спорттық сауықтыру кешені құрылысы басталды.  Нысан 2024 жылға өтпелі.

 «Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» 2023 жылы 4 желтоқсанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды.

Биыл құрылыс жұмыстарын бастауға бірнеше жобаларға қаржы қарастырылды. Атап айтар болсақ:

«Түркістан облысы Созақ ауданының Құмкент ауыл округі Жылыбұлақ каналын салу» жобасы.

«Қаратау елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» басталды .

«Қарақұр елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобаның құны – 303,2 миллион теңге. 2023 жылға 1,0 миллион теңге қаралып, игерілді. Нысан 2025 жылға өтпелі.              

«Жуантөбе елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы». Нысан                          2025 жылға өтпелі.

 Шолаққорған ауылындағы «Астана» мөлтекауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобалық-сметалық құжаттамасына түзету енгізуге оң сарапта қорытындысы алынды. Нәтижесінде жер кезегінде тұрған 435 адам тұрғын үйге жер телімдерін беруге мүмкіндік болады.

Ал 2024 жылдың 3 айындағы мәліметтерді сөйлетсек, Шолаққорған ауылындағы заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.

«Қарақұр ауылдық округі аппараты әкімшілік ғимаратының құрылысы» нысаны 2023 жылдан өтпелі болып іске асырылуда. Нысанды биыл аяқтау жоспарлануда және Қарақұр ауылында кіші жабық футбол алаңының құрылысы басталуда. Бұл нысан да биыл аяқталады.

Көшелерді жарықтандыру бойынша да көзге көрінетін тірлік байқалады. 2023 жылы аудандық бюджет есебінен 10 елді мекеннің (Шолаққорған, Жартытөбе, Созақ, Сызған, Қаратау, Қарақұр, Жуантөбе, Құмкент, Қыземшек, Таукент) көшелері жарықтандырылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. 2024 жылдың 3 айындағы көрсеткіштерді сараласақ, 2024 жылы жыл басында аудандық бюджет есебінен елді мекендерді жарықтандыруға 10 ауылдық округке (27 көшеге) (Шолаққорған, Жартытөбе, Құмкент, Сызған, Созақ, Қарағұр, Қаратау, Жуантөбе, Шу, Таукент) көше жарықшамдары орнатылды.

Тұрғындар аудан әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алғыстарын жеткізді. Келелі уақытқа ұсыныс-пікірлерін айтып, көтерілген сауалдарға сала мамандары тарапынан жауап берілді. Жұмыс мәселесі бойынша жүгінген азаматтардың өтініштерін өндіріс орындары басшыларына жолдады.

Аудан басшысы есептік жиыннан соң Қарақұр ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратының құрылысымен танысып, онда жауаптыларға құрылысқа қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Қарақұр ауылдық округі – Түркістан облысы, Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.

Құрамына Қарақұр, Раң, Шаға ауылдары кіреді. Орталығы – Қарақұр ауылы.

Қарақұр (1993 жылға дейін – Энгельс) — Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл, Қарақұр ауылдық округі орталығы.

Аудан орталығы – Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 98 шақырымдай жерде. Ауыл атауының шығу мәнісі — ауылдың қара құрғақ жерде орналасуынан деген түсінік қалыптасқан.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin