Кентау қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ақпараттық жұмыстар жүйелі жалғасып келеді

Loading

Кентау қаласында тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық кеңістіктердің тазалығын сақтау және қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасты нығайту бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Мұндай бастамалар қала мәдениетін дамытуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстардың біріне айналып отыр.

Бүгінде қала аумағындағы барлық секторларда санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтіп, ортақ құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

Ақпараттық-түсіндіру шаралары аясында Кентау қаласы әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков, сектор мамандары және учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен, кәсіпкерлік нысандарының иелерімен кездесулер өткізіп келеді. Кездесулер барысында қала тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару, абаттандыру қағидаларын сақтау және қолданыстағы заңнама талаптарын орындаудың маңызы жан-жақты түсіндірілуде.

Сонымен қатар, тұрғындарға санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіпке қатысты ақпараттық-ескерту парақшалары таратылып, әрбір азаматтың туған қаласының тазалығы мен көркеюіне қосар үлесі зор екені кеңінен насихатталуда. Мамандар қоғамдық орындардың тазалығы мен мәдени келбетін сақтау әр тұрғынның ортақ міндеті екенін атап өтті.

Қазіргі таңда экологиялық мәдениет тек табиғатты қорғаумен ғана шектелмейді. Ол қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау, қала мүлкіне ұқыпты қарау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау сияқты маңызды құндылықтарды қамтиды. Осындай ақпараттық жұмыстар тұрғындардың экологиялық санасын қалыптастырып, жастар арасында тазалық мәдениетін орнықтыруға оң ықпал етеді.

“Кентау қаласында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да барлық секторларда тұрақты түрде жалғасады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мұндай бастамалар тұрғындардың белсенділігін арттырып қана қоймай, қаланың көрікті келбетін сақтауға, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға және қоғамда жауапкершілік мәдениетін нығайтуға өз үлесін қоспақ”, — дейді ұйымдастырушылар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You