Шымкенттің Бас полицейі коронавирусқа қарсы екпе ектірді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов коронавирусқа қарсы «Спутник-V» вакцинасын салдырды.


«Вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайым жақсы. Ешқандай кері немесе жанама әсер байқалған жоқ. Өзіңді және жақыныңды қауіпті індеттен қорғаудың әзірге жалғыз жолы – вакцина салдыру. Сондықтан да өзім екпені ерікті түрде салдырдым. Қазір жергілікті атқарушы орган департамент қызметкерлерін вакцинамен толық қамтамасыз етіп отыр. Біздің қызметкерлер халықпен тікелей байланыста жұмыс істейтіндіктен барлық қызметкер екпені саналы түрде қабылдап жатыр»,- деді Ералы Мұсаәліұлы.

Айта кетейік, елімізде вакцинациялау жұмыстары алғаш дәрігерлер мен педагогтарға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жүргізілді. Ал, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинаны ағымдағы жылдың наурыз айының басынан ерікті түрде салдырып жатыр. Жалпы 2600 қызметкерге вакцина салу жоспарлануда. Алғашқылардың бірі болып халықпен жиі қарым-қатынаста қызмет ететін патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары қабылдады.

Жалпы, Шымкент қаласы Полиция департаментінде екпе салдырғандардың арасында жанама әсер байқалмады. Қазір Шымкенттегі медицина ұйымдарында вакцинаның жеткілікті қоры бар. Сәуір айының соңына дейін Шымкент қаласына ковидке қарсы 32 мыңнан астам доза вакцина жеткізіледі»,- дейді қалалық №1 емхана бас дәрігерінің орынбасары Ерлан Мелдебеков.

Айта кетер жайт, полицейлерге екпе егу үшін жалпы тәжірбиелі дәрігер, психолог, иммунолог, медбике сынды мамандар жұмыс істеді. Вакцинаны салдырмас бұрын медицина қызметкерлері әрбір полиция қызметкерлерінің дененің қызуы мен қан қысымын өлшеп, міндетті медициналық тексерістен өткізді. 

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.