Шымкент: Өткен тәулікте 5 мыңнан аса адамға ковидке қарсы вакцина салынды

Шымкентте өткен тәулікте 5 мыңнан аса адамға ковидке қарсы вакцина салынды. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.


Шымкент қаласында соңғы бір тәулікте 5105 адамға коронавируске қарсы вакцина салынды. Екпе алғандардың басым бөлігі негізгі санаттан тыс қала тұрғындары.

Медицина мамандарының сөзінше, қазірде қарапайым адамдар арасында екпе алғандардың саны көп. Әсіресе емханаларда жасы егде адамдар бірінен соң бірі келіп, екпе салдыруда.

Қазір қалада 38 вакцина пункті жұмыс істеп тұр. Бұған қоса арнайы мекемелерде жылжымалы егу пуктерінің жұмысы ұйымдастырылып, медицина мамандары ерікті түрде азаматтарға вакцина салуда.

Айта кетейік, бүгінге дейін қалада 21 748 азаматқа коронавируске қарсы вакцина салынды.Емханалардағы екпе егу пунктерінің жұмыс уақыты түнгі сағат 22:00-ге дейін ұзартылып, демалыс күндері де өз еркімен келісім берген азаматтарға вакцинация жүргізілуде.

Айта кетейік, қазір қалада 38 вакцина пункті жұмыс істеп тұр. Бұған қоса арнайы мекемелерде жылжымалы егу пуктерінің жұмысы ұйымдастырылып, медицина мамандары ерікті түрде азаматтарға вакцина салуда. Бүгінгі күні коронавирусқа қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Асқынулар мен басқа да жағдайлар тіркелмеген. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.