Шымкенттегі қан орталығына вакцина сақтайтын құрылға тарту етілді. Бұл туралы Шымкент ұаласының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
Шымкент қаласындағы қан орталығына «ПетроҚазақстан» және «Отаумед» компаниясы дәрілік заттарды сақтауға арналған жабдықтар тарту етті.
Компания басшылары орталыққа қажет құрылғыларды арнайы шетелден тапсырыспен алдырған.
Медициналық мекемеге тарту етілген тоңазытқыш жабдықтары вакцинаны сақтауға арналған.
Орталық бас дәрігері Нұрлыбаев Амангелді ұжым атынан «ПетроҚазақстан» және «Отаумед» компаниясына алғысын білдірді.
Айта кетейік, қалаға жеткізілетін ковидке қарсы вакциналар тікелей әуежайдан қан орталығына жеткізіледі. Кейін қан орталығынан егу пунктеріне таратылады.
2021 жылдың 15 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, Шымкент қаласы «қызыл аймақта» тұр. Осыған орай, медицина мамандары қала тұрғындарына карантин талаптарын сақтап, адам көп шоғырланған жерге бармауды ескертеді.
Айта кету керек, қалада вакцина тегін әрі ерікті түрде барлық емханаларда таңғы 8.00-ден 22.00-ге дейін демалыс күндері де салынуда.
«ANYQ.KZ» — ақпарат