Шымкент қаласындағы сауда орталықтарында коронавирусқа қарсы вакцинациялау жүргізілуде.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қалалық №1 емхана қызметкерлері бүгін таңертеңнен «ЦУМ» сауда орталығының қызметкерлері мен орталыққа келуші азаматтарға ковидке қарсы вакцина салды. Іс-шара ерікті түрде жүргізілді.
Екпеден бұрын азаматтар кезекке тұрып, алдымен терапевтің нұсқауын алды. Сосын вакциналауға барып, препараттың алғашқы компонентін салғызды.
Сауда орталығындағы егу пунктінде жалпы тәжірибелі дәрігер, психолог, иммунолог, медбике сынды мамандар жұмыс істеуде. Бұған қоса 19 сәуірден бастап «Мега» сауда орталығы мен базарларда егу пунктері ашылмақ.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 38 егу пункті жұмыс істейді. Медицина ұйымдарында вакцинаның жеткілікті қоры бар. Егу пунктерінің жұмыс уақыты күнделікті сағат 08:00-ден басталып 22:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстанда 576459 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
I see You’re really a just right webmaster. The web site
loading velocity is incredible. It kind of feels that you are doing any distinctive trick.
Also, the contents are masterwork. you’ve done a magnificent job on this matter!
Similar here: Katie and also
here: Bezpieczne zakupy
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?