Коронавирусқа қарсы екпе егу науқаны басталғалы бері Шымкентте 63 мың 97 адам вакцинацияланды

Шымкентте вакцина салдырғандардың саны 63 мыңнан асты.


Оның ішінде 6795 адам вакцинаның екі компонентін алған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 19 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 700 мыңға (695 875) жуықтады. Оның ішінде Нұр-Сұлтан – I компонент 58 553, II компонент 10 454, Алматы қаласы – I компонент 134 637, II компонент 15 261 және Түркістан облысы – I компонент 42 620, II компонент 12 390.

Жалпы өткен тәулікте қалада ковид инфекциясына қарсы 2756 адам вакцина салдырды. Ковид-19 бойынша өткен штаб отырысында қаламызда күніне кемі 10 000 адам вакциналаудан өтуі керек делінген-ді. Сондықтан мамандар қала тұрғындарын індетке қарсы екпе егуге шақырады.

Айта кету кеек, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 18 сәуір күні 411 нысанға (403 кәсіпкерлік, 8 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте КВИ-дің 114 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 69, белгілері жоқ — 45). 38 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 76 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, Атамекен клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын), төсек-орын толымдығы – 45%, 551 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 459 науқас емделуде (КВИ-284, пневмония-163, ЖРВИ-12). 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.