Ресейдің Мәскеу қаласында трансплантолог дәрігерлердің қатысуымен халықаралық 9-шы ғылыми-практикалық конференция өтті.
Халықаралық жиынға Ресей, Түркия, Италия, Қазақстанның танымал, жетекші трансплантолог мамандары қатысты. Басқосуда медицина мамандары органдарды трансплантациялауды дамыту мәселелерін, сондай-ақ транспланттау жүйесін ұйымдастырудың озық тәжірибелерін талқылады.
Айта кету керек, конференцияға Қазақстаннан алғаш рет ТМД елдеріне танымал, тәжірибелі трансплантолог-хирург, Шымкенттегі №1 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Донбай Абылай қатысты. Ол «Туыстық бауыр трансплантациясының техникасы» атты баяндама жасады.
— Бауыр трансплантациясы техникалық тұрғыдан әлдеқайда қиын. Бауырда тамыр көп. Донордан бауырдың жеткілікті мөлшерін кесіп алу да екінің бірінің қолынан келмейді. Өйткені донордың ағзасы қалыпты тіршілігін жалғастыруы үшін қажет мөлшерде бауыр қалуы керек. Реципиентке салған бауырдың толық жұмыс істеп кетуі де қосымша көп ықпал жасауды қажет етеді, — дейді білікті дәрігер.
Абылай Донбай өзінің біліктілігінің арқасында 600 -ден аса науқасқа ота жасап, екінші өмір сыйлаған. Осы жылы бауыр трансплантациясын 5 сағат 48 минутта жасап, Қазақстанда рекордттық көрсеткіш жасаған болатын.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
daily cialis online However, even if Oranjeff knew about this, he would probably have laughed off it, because it was Anna who made these, how safe is adipex not other elves
reno mesothelioma lawyer
can you buy priligy in usa Or by writing it down