Түркістан облысында автомобиль жолдарын жаңартуға күш салынуда

Түркістан облысында облыстық маңызы бар жолдар жөнделуде.


Мәселен, бүгінгі таңда Сайрам және Төлеби аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автожолының 22,5 шақырым жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл автожолдың 14 шақырымы жөнделді, ал биыл қалған 8,5 шақырымын маусым айында аяқтау жоспарланған. Жөндеу жұмыстарын «СитиСтрой» ЖШС мердігер мекеме жүргізуде. Қазіргі таңда аталған жолдың құрылыс жұмыстары аудан орталығы – Ақсукент ауылында жүргізілуде.

Сондай-ақ, Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары аумағында ұзындығы 478 шқ. жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, осы аудандарда облыс әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шқ. асатын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. Бұл жолдарды қыркүйек айында толықтай пайдалануға беру жоспарлануда. Жолдар Қазығұрт, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласында да жүргізіліп жатыр.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.