Түркістан облысында коронавирус індетінің тарауы алдыңғы аптамен салыстырғанда 26% төмендесе, вирусты пневмония 29 жағдайға өскені байқалады.
Негізінен жыл басынан бері мобильді топ карантин режимін сақтамаған нысандар мен жеке тұлғаларға 2520 хаттама толтырып, 145 062 620 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
«Өңірде жалпы 206 370 азамат екпе қабылдаған. Осы кезеңге дейін «Спутник V» вакцинасының 321 200 дозасы, «QazVac» — 4000, «Hayat-Vax» вакцинасының 86000 дозасы жеткізілген. 9-маусымға дейін «Спутник V» вакцинасының тағы 1-компонентінің 130 мың дозасы жеткізіледі», — деді Нұрбек Садықбекұлы.
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанованың айтуынша, аймақтағы 128 егу пункттерінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізілуде. Сонымен қатар, 80 көшпелі егу бригадалары жұмыс істеуде. Медицина ұйымдарындағы дәрілік заттар қоры мен арнайы қорғаныш құралдары 2 айға жеткілікті.
Сондай-ақ, Түркістан облысында «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін 248 кәсіпкерлік нысан бар болса, 123 нысан QR кодын алып жобаға қосылған. Оның ішінде, Түркістан қаласында бағдарлама 54 нысанда пайдаланылады. Бүгінде өңірлік палатаға жобаға қатысуға төрт жүзден астам кәсіпкерден өтінім түскен.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
I see You’re in point of fact a excellent webmaster.
The website loading speed is amazing. It seems that you’re doing any distinctive trick.
Moreover, the contents are masterpiece. you’ve performed a
excellent activity in this matter! Similar here: https://camilashop.top/ and also
here: E-commerce
Insightful piece