Елімізде соңғы уақытта ауа-райының күрт ысуына байланысты суға түсуге болмайтын аумақтардағы өзендерге шомылып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамай тұншығып, батып кету қайғылы оқиғалары ересектер мен балалар арасында көптеп кездесуде.
Осыған орай балалар мен жасөспірімдердің жазғы уақытта су айдындарында шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облыстық №3 ОРМБЖСМ КММ-сі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және Бәйдібек ауданының әкімімен 4 тарапты меморандум түзілді. Меморандум аясында аудан орталығындағы ұзындығы 25, ені 12, тереңдігі 2,20 метрлік жабық жүзу бассейнінде 60 балаға 2 жаттықтырушы суда жүзудің ережелерінен сабақ беруде. Бұл балалар суға шомылу, жүзу ережелерінің барлық тәсілдерін үйренуде. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4 нұсқаушы, құтқарушы жұмыс жасайды. Арнайы киім шешу, жуынатын бөлмелерімен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар аудандағы елді мекендерден де балалар келіп арнайы жүзу ережелерін үйренуге мүмкіндік бар. Қазіргі таңда түзілген төрт жақты меморандумға сәйкес аудандағы әр елді мекендерден балалар мен жасөспірімдердің тізімі жасақталуда. Аталған тізімге сәйкес қосымша топ ашылып, әр ауылдардан келген балалар жабық жүзу бассейінінде жаттығатын болады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
You are really a excellent webmaster. This web site loading velocity is amazing.
It seems that you are doing any distinctive trick.
Moreover, the contents are masterwork. you have done a fantastic activity
on this subject! Similar here: sklep and
also here: Dobry sklep
Hello there! Do you know if they make any plugins to assist with SEO?
I’m trying to get my blog to rank for some targeted keywords but I’m not
seeing very good results. If you know of any please share.
Appreciate it! You can read similar blog here: Auto Approve List