Түркістан: «Шымкент-Сайрам» автомобиль жолы пайдалануға берілді

Түркістан: «Шымкент-Сайрам» автомобиль жолы пайдалануға берілді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.


Түркістан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Шымкент-Сайрам» бағытындағы 8 шақырымдық облыстық маңызы бар автомобиль жолына қайта құру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға беріліп отыр.

Қайта құру жұмыстарын жүзеге асырып жатқан мердігер мекеме — «Отау Строй» ЖШС-і. Жөндеу жұмыстары барысында аталған жолдың ені 7 метрден 14 метрге және жолдың 3,6 шақырымындағы жер үсті темір жол өткелі 7 метрден 24 метрге кеңейтілген. Жөндеу барысында, аталған жолдың екі жағынан жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жолдар салынып, диодты жарықтандыру шамдары орнатылған.

Сонымен қатар, жасанды жол кедергілері, бағдаршамдар, заманауи үлгідегі аялдамалар мен жаңа жол белгілері орнатылып, жол таңбалары сызылды. Қайта құру жұмыстарының нәтижесінде аталған жолдағы көлік кептелісі жойылып, қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс қамтамасыз етілмек. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.