
Түркістан облысы Сайрам ауданының бір отбасы бақытқа кенелді. Сайрамдық отбасыға демеушілер үй салып берді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Түркістан облысы Сайрам ауданының жаны жомарт азаматтары мұқтаж отбасын баспанамен қамтуға ниет білдіріп отыр.
Бүгінгі таңда демеушілер есебінен Хамдам Хадиметовтің жанұясына Қарамұрт ауылдық округі, Низамабад елді мекенінен 5 бөлмелі үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Баспана құрылысы осы жылы қараша айында аяқталады деп күтілуде.
Айта өту керек, үйдің құрылыс жұмыстарын Зульфия Өмірзақова бастаған «Нур Ихсан» қоры қаржыландырған. Отағасы Хамдам – мал бағушы, әйелі — үй шаруасында. 3 баланы тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасы тозығы жеткен, апатты жағдайдағы 1 бөлмелі үйді паналап отыр. Қазіргі таңда жаңа үйдің есік-терезелерін орнатуға тапсырыс берілген. Сондай-ақ, жылу жүйесі мен ауыз су мәселесі де өз шешімін табады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
740070 424228Im having a small difficulty. Im unable to subscribe to your rss feed for some reason. Im utilizing google reader by the way. 134314
92317 499109You produced some first rate factors there. I regarded on the internet for the problem and located many people will associate with together with your website. 114796