Келес ауданында халық саны 2021 жылдың 1 тамызында 144 149 адамды құрады. Үш жыл бұрын яғни 2018 жылғы 1 тамызымен салыстырғанда 6,1%-ға өсті.
Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Түркістан облысының оңтүстік-батысында орналасқан Келес ауданы осыдан 3 жыл бұрын қайта құрылды. Ауданда 83 елді мекен болса, үш жылдың ішінде өңірде 24 балабақша, жылыжай құрылысы 71,8 гектарға, мал бордақылау алаңы 2 167 басқа артса, 3 кәсіпорын іске қосылды. Сондай-ақ мұнда 5 647 жұмыс орны құрылды.
Келес ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 53,1 шақырым болатын 21 көшеге тас төселген болса, 150,5 шақырым болатын 97 көшеге асфальт төселді. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағатанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 24,1%-дан 45,9%-ға немесе 326,4 шақырымға жетті. Бұл көрсеткіш аудан құрылған жылы, яғни 2018 жылы 152,3 шақырымды құраған.
«ANYQ.KZ» — ақпарат