
Бүгін Арман Айдарұлының Қазығұрт ауданына әкім болып тағайындалғанына 6 ай болды.
Арман Айдарұлы экономика және бюджеттік жоспарлауда басшылық еткені баршаға белгілі. Кез-келген мәселе қаржыға келіп тіреледі. Мұны жақсы білетін аудан басшысы қызметке кірісе сала бюджетті 24 млрд теңгеге жеткізген.Ендеше аудандағы өзекті мәселелерден бастасақ.
Қазығұртта 64 елді мекен бар. Оның 60 ауыз сумен қамтылған. Биыл 2 елді мекенде ауыз судың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс 2022 жылға өтпелі. 2023 жылы тағы 2 елді мекен (Айнатас, Жаңаталап) ауыз сумен қамту жоспарланған. Аудан бойынша 64 елді мекен 2023 жылы 100% ауыз сумен қамтылады.
Табиғи газбен 47 елді мекен қамтылған. 73 пайызды құрайды. 2022-2023 жылға қарай бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, газ жүйесімен қамту 85,9% жоспарланған. 55 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылатын болады. Электр жарығымен 63 елді мекен орталықтандырған электр желісіне қосылған.
2021 жылдың 7 айында 1488 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар 110 пайызға орындалыпты. Мүмкіндігі шектеулі 96 азамат жұмысқа орналастырылған. Ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастардың жұмыссыздығы 4 пайызды құрайды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат