Кентау — қауіпсіз қала айналуы тиіс. Осылай деп бастама көтерген қала әкімі Даурен Махажанов, қала тұрғындарының жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар шараларды жүзеге асыруға тапсырма берген.
Олар: Жаңадан бағдаршамдар, жасанды жол кедергілерін орнату мен жаяу жолаушылар өткелін салу жұмыстары. Бүгінде аталған жұмыстар кестеге сай жүргізілуде.
Биыл осы мақсатта қалада жалпы 11 көшенің қиылысына 160-қа жуық бағдаршам орнату мен маңызы бар орталық 21 көшеге жаяу жолаушылар өткелін салу жоспарланған.
Бүгінде аталған бағдаршамның барлығы орнатылды. Қаланың 4 көшесінің қиылысындағы бағдаршамдар дыбыстық жүйеге қосылған. Бұдан бөлек, 21 көшеге жаяу жолаушылар өткелінің он бір сызбасы (зебра) сызылды. Қалған 10-уы осы айдың соңына дейін салынады.
Айта кетейік, жыл басынан бері Кентау қаласының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шаралар негізінде қала аумағындағы жол апаты саны азайды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат