Құтарыс ауылдық округіне қарасты Оймауыт елді мекенінің тұрғындары егістік жерлерінен екінші өнім алуға дайындығын бастап кетті.
Ағын су тапшылығына қарамастан олар өз әрекеттерін жасауда.
Арыс өзенінен бастау алатын «Боз Оймауыт» каналына су деңгейі көтерілмей қалуына байланысты ауылдық әкімдіктің ұйымдастыруымен каналдың бастау алатын арнасы Арыс өзені жағалауының ең төмен орнатылған жеріне дейін қазылды.
Ауыл азаматтары да қарап отырмай, асар жолымен сол арнаға Арыс өзенінің суын бұру үшін қамыстан уақытша бөгет жасап, егістік алқаптарына ағын су жеткізуде. Екінші өнім алатын күн алыс емес. Біріге жұмылған тірлік нәтижесіз болмайды.
Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округінің шаруа қожалықтары жыл сайын екі рет көкөніс түрлерін егеді. Ондағы мақсат – мол өнім жиып алу. Жаңашыл әдісті тәжірибеге енгізген шаруалар жыл сайын мол табыс алуда.
Биыл да бір жерден екі өнім алатын шаруа қожалық басшылары жерлеріне еккен қызанақ, қияр, сәбіз, жүгері, қырыққабат, сарымсақ, пияз, болгар бұрышы, картоп көкөністерінен молынан өнім алуды көздеуде.
Сондай-ақ екі рет өнім алуға қызығушылық танытқан диқаншылар қатары артқан. Олар, өнім көлемін арттыру мақсатында жылда екі рет егетін егін түрлерін жоспарлап отырады. Шаруа қожалық басшылары, бүгінгі күнге екінші өнімге күздік дақылдарын егуді жоспарлауда.
«ANYQ.KZ» — ақпарат