Сайрам: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 450 отбасы мемлекеттік грант қаражатымен қамтылды

Түркістан облысы, Сайрам ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 450 отбасы мемлекеттік грант қаражатымен қамтылып, кәсібін дамытуға қолдау алып отыр. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Айта кету керек, Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бекіткен»Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарында аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударуға пәрмен берілген болатын. Осы орайда биылғы жылы бағдарлама аясында 450 отбасына 262 млн 530 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант қаражаттары ұсынылып, өз кезегінде ынталы кәсіпкерлердің аяққа нық тұруы үшін қолдау шаралары көрсетілді.

Аталмыш бағдарлама аясында отбасылық бизнестің көзін тапқандар да аз емес. Грант қаражатымен қамтылғандардың қатарында 329 азамат өз қаражатын мал шаруашылығын дамытуға бағыттаса, 181 отбасы үй іргелік егістік алқабына тамшылатып суару технологиясын орнатып, өз кәсібін дөңгелетуде.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.