Тұрғындардың шағымына дер кезінде жауап бермеген сала басшылары ескерту алды

Бүгінгі өткен аппараттық мәжілісте қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындар өтінішіне дер кезінде жауап бермеген сала басшыларына қатаң ескертулер жасап, бірқатар тапсырмалар берді.


Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен өткен жылы Шымкент қаласының ситуациялық «iKomek» орталығы құрылған болатын. @ikomek109.shymkent орталығы басқармалар, аудан әкімдіктері мен коммуналдық кәсіпорындардың байланыс орталықтарын біріктіретін және 24/7 тәртібінде жұмыс жасайтын жалғыз орталық. Тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды, коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіруге бағытталған. Мұнда барлық өтініштер өңделеді және тіркеу нөмірі беріліп, арнайы тізімге енгізіледі.

«iKomek» орталығы жұмыс істеген бір жарым жыл ішінде 230 904 арыз-шағым келіп түскен. 228 582 өтініш орындалған, 1580 өтініш қаралуда. Олардың арасында түрлі себептермен, мерзімі өткендер де кездеседі.

Жиналыста шаһар басшысы тұрғындардың «109» орталыққа хабарласқаны әкімдікке деген сенімдерінің белгісі, сенімді ақтау үшін тыңғылықты жұмыс жасау қажеттігін баса айтты.

— Орталық халықпен кері байланыс орнатудың тиімді құралы ретінде арнайы ашылды. Қаламызда мәселенің бары анық. Азаматтар соны бізге жеткізу үшін 109-ға хабарласады. Келіп түскен әрбір арыз-шағым тікелей менің бақылауымда. Мерзімі кешіктірілген мәселеге жауапты маман қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертемін. Келіп түскен шағымдар арқылы салалардың осал тұстарын көруге болады, сол арқылы ай сайын басқарма және әкімдіктердің рейтингісі жүреді. Сондықтан жұмысымызды жауапкершілікпен атқарайық. Мәселеге менің құзырыма кірмейді деп емес, бірлесе шешейік деп қарау қажет, — деді әкім.

@ikomek109.shymkent орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді мына байланыс арналары арқылы қабылдайды:

  1. Қалалық және мобильді телефондардан 109 бірыңғай нөміріне тегін қоңырау шалу
  2. What’s App: 8 777 7109 109
  3. Instagram: @ikomek109.shymkent
  4. Facebook: IKomek Shymkent
  5. Telegram-bot: @shymkentonlinekz_bot

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.