Шымкентте «Заң және тәртіп» апталығы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменті «Ашық есік» күнін өткізді

Президент «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамның ішкі мәдениетімен тығыз байланыстыра отырып, оны ел дамуының негізгі іргетасы ретінде атады. Ол азаматтардың құқыққа құрметпен қарауы елдегі тұрақтылық пен тәртіптің басты шарты екенін атап өтті.... Read more »

ЮНЕСКО-ның  Дүниежүзілік мұра комитеті «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңын құптады

Болгарияның төрағалығымен Париж қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 47-сессиясы өтті. Оған үкіметаралық органның мүшесі ретінде Қазақстан делегациясы да белсенді түрде қатысты. Отандық делегацияның құрамында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы... Read more »
Ad Widget

Шымкенттік жолаушы «SKAT» әуе компаниясынан айыппұл мен моральдық зиян өндіріп алды

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты «SKAT» әуе компаниясы жолжүгін уақытылы жеткізбегені үшін компаниядан айыппұл өндіруді және моральдық зиянды өтеуді талап еткен азаматтың ісін қарады. Сот талап қоюшының айыппұлы мен моралдық... Read more »

Шымкенттік жастарға «Заң мен тәртіп» қағидаттары жан-жақты түсіндірілді

Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу – ел болашағы үшін маңызды қадам. Осы орайда, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы мен Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бірлесіп,... Read more »

Шымкент: Абай саябағында заңсыз салынып кеткен құрылыстар бойынша сот шешімі қалай орындалып жатыр?

Шымкент қаласындағы Абай саябағы аумағында орналасқан бірқатар заңсыз құрылыс нысандары бойынша сот процестері өткізілді. Бұл нысандарға қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тиісті талап арыздар беріліп, заң аясында шаралар қабылдану үстінде. Нақтырақ айтқанда, «Саят»... Read more »

Шымкент қаласында құмар ойынына бәс тіккен 50 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылуы мүмкін

Шымкентте құмар ойынына бәс тіккен 50 мемлекеттік қызметші жұмыстан кетуі мүмкін. Қала прокуратурасының қадағалауымен жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне арнайы талдау жүргізілді. Нәтижесінде, құмар ойынының қызығына батқандар анықталды. Олар бір жылдың ішінде 400... Read more »

Шымкент қаласында рақымшылыққа ілінгендердің алды абақтыдан шыға бастады

Шымкентте мемлекет басшысы Конституцияның 30 жылдығына орай жариялаған рақымшылыққа ілінгендер бостандыққа шыға бастады. Олардың алғашқы легі №54 және №55 түзеу мекемесінен босатылды. Жалпы, №54 түзеу мекемесінде рақымшылыққа байланысты 20 адамның ісі қаралған-ды.... Read more »

Шымкент қаласы прокурорының төрағалығымен өткен жиында қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

 «Қызғалдақ» сарайында Шымкент қаласының әкімдігі мен қала прокуратурасының бірлескен Алқа отырысы жаңа форматта, кеңейтілген құраммен өтті. Себебі, жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қаланың құқықтық дамуына мүдделі... Read more »

Шымкент қаласында жастарға құқықтық жауапкершілік мәселесі түсіндіріліп, оларды есірткімен бірлесіп күресуге шақырды

Шымкент қаласында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және өзекті құқықтық мәселелерді талқылау мақсатында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті жастарының қатысуымен арнайы «дөңгелек үстел» өтті.... Read more »

Шымкентте көпбалалы отбасының құқығы қорғалып, өз үйінде қалатын болды

Шымкент шаһарының тұрғыны ипотекалық компаниямен (АҚ) құны 13 миллион теңгеден асатын үш бөлмелі пәтерді сатып алу құқығымен жалдау шартына отырған. Ол жалдау ақысын уақытында төлеуге міндеттелді, бірақ 2 миллион теңгеден астам қарыз... Read more »