«Мәңгілік ел, мәңгілік мұра» атты дебат турнирі болды

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2021–2022 оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Мәңгілік ел, мәңгілік мұра» атты облыстық дебат турнирі Түркістан Индустриалды- құрлыс колледжінде өтті. Пікірсайысқа Түркістан облысының техникалық және кәсіптік оқу орындарынан 16 команда, 16 команда жалпы білім беру ұйымдарынан қатысты. Іс-шараның ашылу салтанатыда Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері Досболганов Бекбол Әлиұлы, Сейітінбет Мағжан Қанатұлы, Түркістан Индустриалды-құрлыс колледжінің директоры Қалиева Нұрсұлу Әбдешқызы жалынды жастарға шығармашылық шабыт пен толағай табыс тіледі. Пікірсайыстың мақсаты белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу, қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу. Дебат Америкалық парламенттік форматта жүргізілді. Жарысқа қатысқан барлық оқу орындары Түркістан Индустриалды-құрлыс колледжінің Алғыс хатымен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша І орын Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық -техникалық колледжі, ІІ орын N3 Әмір Темір атындағы ЖОМ, ІІІ орын М.Әуезов атындағы Ж.О.М мен Абай атындағы ЖОББМ иеленді. Жарыс жеңімпаздары Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Дипломдары және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.