“Shymkent Plaza» сауда орталығында ковидке қарсы вакцинациялау жүргізілуде

“Shymkent Plaza» сауда орталығында ковидке қарсы вакцинациялау жүргізілуде.Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.


Мұндағы жылжымалы егу пунктінде темір жол ауруханасының мамандары орталық қызметкерлері мен ерікті түрде келген қала тұрғындарына ковидке қарсы екпе егуде.

Медицина мамандары сауда орталығында 20, 21 сәуір күндері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, қоғамдық орындар мен арнайы мекемелерде ұйымдастырылған егу пунктеріне кез келген қала тұрғыны келіп, ерікті түрде вакцина салдыртса болады.

Екпеден бұрын азамат міндетті түрде сауалнама толтырып, дәрігердің тексеруінен өтеді. Қарсы көрсетілімдері болмаса, ковидке қарсы вакцина салдыртуына болады.

Айта кету керек, қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда 1 күнде 6 200 тест жасауға мүмкіндік бар. Барлығы 349 518 ПТР тест өткізілді. 19 сәуірде 1 312 ПТР тест жасалған. Азаматтарды вакцинациялау үшін 38 бекет ұйымдастырылып, бүгінде 1-ші компонент 67 906, 2-ші компонент 6 918 азаматқа салынды. Вакцинациялауға 753 медицина қызметкері оқытылып, жұмылдырылды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.