«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ШЫМКЕНТТІКТЕР БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДА

Республикалық экологиялық акция бес аптаға жалғасады. Қазірдің өзінде шымкенттіктер тазалық шараларына белсенді ат салысуда. Қала тұрғындары мен қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды тазартып, абаттандыруға үлес қосып жатыр.
«Киелі мекен» аптасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Жасыл аймақ» аптасында ағаш көшеттері отырғызылады. Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасы ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалаумен ерекшеленсе, «Мөлдір бұлақ» шарасы шеңберінде су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылады. Бүгінде мегаполисте бүлінген аялдамалар қалыпқа келтіріліп, қала көшелерін жамау жұмыстары да қарқын алған.

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады!

Биылғы көктемде Шымкентте сәндік және жеміс ағаштарының 120 мыңнан астам көшеттерін және орман алқаптарында тағы 20 ағаш отырғызу жоспарлануда.
Осылайша, Шымкентте жеміс ағаштарын отырғызу есебінен жыл сайын «жасыл белдеу» аумағы да ұлғаяды, ол өз ауқымы бойынша 8000 гектардан асады. Қазіргі уақытта қала үшін микроклиматтың қалыптасуы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шымкент әкімдігінің және қала тұрғындарының басты мақсаты-Сүйікті Шымкентті тезірек «жасыл қала» ету. Сондықтан жыл сайын кешенді шаралар қолданылады және барлық суару жүйелері мен жасыл желектерге зерттеулер жүргізіледі.

Айта кету керек, Шымкентте қаланың жасыл желектерін күтіп ұстау, жаңа ағаштар отырғызу, мезгіл-мезгіл азықтандыру, суару, кесу, әктеу жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Қаланы көгалдандыру мамандары қасиетті Рамазан айында отырғызылған ағаштар тамыр жайып, ыстық күндерде адамдарға салқындық сыйлайды дейді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin