Кентауда жаңа медиа мен креативті контент өндіру мүмкіндіктері таныстырылды

Loading

Кентау қаласында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және заманауи медиа бағыттарын қамтыған «DIGITAL KENTAU–2026» республикалық ақпараттық-цифрландыру форумы өтті. Басқосуда жаңа медиа технологияларын дамыту, мобильді контент өндірісін жетілдіру және цифрлық коммуникацияның заманауи мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Форумға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Медеуов пен Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Байдәулет Абай қатысып, заманауи технологиялардың қоғам өміріндегі маңызына тоқталды.

Іс-шара барысында цифрлық технологиялар мен заманауи медиа саласының мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға жаңа форматтағы контент әзірлеудің тиімді тәсілдерін таныстырды.

Соның ішінде Нұржан Исабеков «Жаңа медиа дәуірі: Reels, TikTok, дрон және жасанды интеллект арқылы тиімді контент жасау» тақырыбында баяндама жасап, әлеуметтік желілерге арналған заманауи контент өндіру ерекшеліктері мен жаңа медианың мүмкіндіктерін таныстырды.

Бүгінде мобильді құрылғылар, бейнетүсірілім, әлеуметтік желілер мен жасанды интеллект құралдары шығармашылық контент жасаудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып отыр. Бұл бағыт жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа мамандықтар мен цифрлық шығармашылықтың қалыптасуына жол ашады.

Форум барысында қатысушылар жаңа медиа, мобильді контент, цифрлық коммуникациялар және жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша пікір алмасты. Практикалық білім мен тәжірибе заманауи контент өндірісін жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа бағыттарды меңгеруге жол ашты.

«DIGITAL KENTAU–2026» форумы Кентауда цифрлық шығармашылық пен жаңа медиа бағыттарының мүмкіндіктерін таныстырып, заманауи контент өндіруге қызығушылық танытқан азаматтар үшін тәжірибе алмасу алаңына айналды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You