ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ҚҰС ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

Кентау қаласы құс шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 284 пайызға, балық шаруашылығын дамыту бағытын 132 пайызға орындап, алдынғы орынды иеленді.
Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 13,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Егін шаруашылығында 7,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 2,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. 3 агроқұрылымда қосымша 80 гектарға тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, тапсырма 100 пайызға орындалған. Ауыл шаруашылығы өнімінің 5,4 млрд теңгесі мал шаруашылығында өндірілген.
ҚР Президенті ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Осы бағытта өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Аталған жоба бойынша Кентау қаласынан Қарнақ, Хантағы ауылдары енді. 2023 жылы «Ырыс» МҚҰ-дан 92 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 5 жоба ұсынылып, 26,6 миллион теңгеге толық қаржыландырылды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша биыл 477 миллион теңгеге 97 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 194 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin