Түркістан облысында биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде 84 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланды 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен облыс жастарының жұмыссыздық деңгейін төмендету және жоғарғы оқу орындарын бітірген жастарды жұмысқа тарту, аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарының бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 17 аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының жауапты мамандары келіп, өздері жұмыс істейтін мекемедегі бос жұмыс орындары бойынша келген жұмыс іздеуші жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жұмысқа орналасу үшін қандай құжаттар қажет екендігін түсіндірді. Қазіргі таңда аудан, қаладағы жастар ресурстық орталықтарында 59 бос жұмыс орны бар.

Түркістан облысында ағымдағы жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 15-35 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3 пайызды (12 186 жас) құрап отыр.

Биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын» жүзеге асыру аясында 84,0 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 72 129 адам жұмыспен қамтуға жолданды. Оның ішінде жастар саны 33 252-ні (46,1%) құрайды. Тұрақты жұмыс орындарына 21 073 азамат жұмысқа жолданып, оның 10 016-сы жастар (47,5%) болып табылады.

Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлікті қолдау уақытша жұмыс орындар сипатындағы жұмыспен қамту шараларына 28 758 азамат жолданып, оның 11 927-сін жастар (41,4 %) құрады.

Сондай-ақ дипломы бар, жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналастыру бағытында мемлекеттік бағдарламалар негізінде әрбір аудан, қалада жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде 165 820 жасқа кеңес берілді. Атап айтар болсақ, білім – 44 083 («Серпін» – 28 189, «Болашақ» – 9 523, Қысқа мерзімді оқыту – 5525), жұмыспен қамту – 54 212 (Жастар практикасы – 19 557, Қоғамдық жұмыстар – 15 475, «Жасыл ел» – 9 312, «Дипломмен ауылға» – 8 768, Студенттік құрылыс отряды – 666), кәсіпкерлік – 60 811 (Жұмыссыз жастарға арналған гранттар – 16 920, «Бизнестің жол картасы-2025» – 10 404, Төмен пайызды несие – 33 132), тұрғын үй – 3 290, өзге де мәселелер бойынша 3 424 жасқа кеңес берілді.

Облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде «Жастар практикасы» арқылы — 3167 жас, «Қоғамдық жұмысқа» — 5893, «Әлеуметтік жұмыс орны» негізінде — 1668 жас және «Алғашқы жұмыс орны» арқылы 1199 жас жұмыспен қамтылып отыр. Түркістан өңіріндегі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастарды жұмысқа орналастыру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеудің мақсаты:

— Кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету:
— халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту;
— экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену;
— кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту болып табылады.

Күтілетін экономикалық тиімділіктері мынадай:

  1. ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 35 %-ға дейін жеткізу.
  2. ЖІӨ-дегі туризм көлемінің өсуі 8,4 трлн теңге.
  3. Мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 %-ға дейін төмендету.
  4. 995,3 мың жұмыс орнын құру, оның ішінде:

тұрақты – 335,1 мың,

уақытша – 660,2 мың.

Ал күтілетін әлеуметтік әсері төмендегіше:

  1. Азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру – 1,7 млн адам;
  2. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту – 3,5 млн адам;
  3. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқы үлесінің азаюы – 6,5%.

Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі 8 455 329 919 мың теңге мөлшерінде белгіленіп отыр. Оның ішінде республикалық бюджет – 1 030 884 427,0 мың теңге, жергілікті бюджет – 124 695 492,0 мың теңге, бюджеттен тыс қаражат – 7 299 750 000,0 мың теңге):

2021 жыл – 1 272 207 923,3 мың теңге;

2022 жыл – 1 370 367 038,7 мың теңге;

2023 жыл – 1 620 056 904,0 мың теңге;

2024 жыл – 1 963 862 120,0 мың теңге;

2025 жыл – 2 228 835 933,0 мың теңге;

Барлығы – 8 455 329 919 мың теңге.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin