Түркістан облысы: Арыс қаласында «Өз кәсібіңді аш» тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған экскурсия ұйымдастырылды

Арыс жастары бірегей кәсіпорын жұмысымен танысты. Таратып айтсақ, Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ-і «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қалада «Өз кәсібіңді аш» тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияның мақсаты жастарды кәсіпкерлік негіздеріне баулу болып табылады. Сонымен қатар түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру де қамтылды. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау да шет қалған жоқ. Оның ішінде, биылдап бастап беріле бастаған жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие де бар.

Шара барысында қатысушылар «MEGA-AGAT» ЖШС кәсіпорнында экскурсия жүргізді.

Экскурсия барысында «MEGA-AGAT» кәсіпорынының директоры Рүстембек Әлішер өз бизнес салалары туралы әңгімелеп, жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Кәсіптің көзін тауып, кез келген бастаманы сәтті жолға қоюдың тетіктерін айтып берді. Шараға қатысушыларды кәсіпорынның барлық жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің ойындағы сұрақтарын қойып, ұтымды жауап ала білді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin