Түркістан облысы: Жетісай ауданында ауыл шаруашылығымен үлгі болған Абай атты ауыл бар

Еліміздегі ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартып, тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру саясатын жүзеге асыруда ерекше табандылық танытып отырған Жетісай ауданында аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Азаматтарға кәсіпкерлік негіздері бойынша қолдау көрсетіліп, әлеуметтік бос жұмыс орындарын қажетті мамандармен қамтамасыз ету ісі қарқынды.

Жетісай ауданына қарасты Абай ауылдық округінің әкімі Бағдат Оспановтың мәліметінше, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына атаулы әлеуметтік көмек алуға тапсырылған 248 құжаттың 7-еуінің табысы кедейшілік шегінен асып кеткендіктен, кері қайтарылған. Ал, ақылы қоғамдық жұмыста нақты 37 тұрғын жұмыс атқаруда. Бұл — үй шаруасы мен бала тәрбиесіне байланып, жұмыссыз отырған жандар үшін де таптырмас мүмкіндік.

Айта кетейік, ауылдық округ тұрғындары жеке кәсіпкерлер тарапынан да жұмыспен қамтылғандар аз емес. Абай ауылдық округі халқының негізгі күн көріс көзі ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан, жеке шаруа қожалықтарда жұмыс істеп, нәпақы тауып, күнелтіп жатыр.

Бүгінде 6 елді мекеннен құрылған округтің 3104 гектар жерінің 2476,3 гектары суармалы, 9,8 гектары — жайылымдық алқап.

Биыл округ диқандары егістік жерлеріне мақта шикізаты мен бау-бақша тұқымын сеуіп, көпжылдық жүзім мен қара өріктің көшетін отырғызған. Жалпы алғанда, ерте пісетін диқаншылық түрлерінен 59 073 тонна өнім жиналған.

Жетісай ауданынан шалғай орналасқан Абай ауылдық округінің тыныс-тірлішігі көпке үлгі. Жыл сайын ауылдың әл-ауқаты артып, кәсіпкерлер саны артып келеді. Өткен жылы жеке және мемлекеттік қаржылар есебінен округке 202 миллион теңге инвестиция тартылған болса, биылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысымен бұл көрсеткіш 140 миллион теңгеге жеткен.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. 274078 781008Most suitable boyfriend speeches, or else toasts. are almost always transported eventually by means of the entire wedding party and are still required to be extremely fascinating, amusing and even enlightening together. greatest mans speech 96014

  2. 579564 430849Hi there, just became aware of your blog through Google, and identified that its genuinely informative. Im gonna watch out for brussels. Ill be grateful in case you continue this in future. Numerous folks will be benefited from your writing. Cheers! 435659

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.