Түркістан облысы: Жетісай ауданында жеке инвестор заманауи медициналық орталық салмақ

Жетісай ауданында жеке инвестор есебінен заманауи медициналық орталық салынады. «Al-Razi Medikal» ЖШС-нің өкілдері 3 гектар жерге емхана мен көпбейінді реабилитациялық орталық салуды көздеп отыр. Жоба құны 7 миллиард теңгені құрайды.

800 келушіге арналған емханада диагностикалық орталық орналасады. Екіқабатты ғимараттың жалпы аумағы — 5 мың шаршы метр. Ал, 96 төсек-орынға лайықталған көпбейінді реабилитациялық орталықта физиотерапия, онкология, кардиология, инсульт орталығы, жарақат бөлімшелері ашылады. Сондай-ақ 200 жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. Оның 50-і — бейінді дәрігерлер.

Негізі, денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту мәселесі ұдайы назарда тұр. Әсіресе, оңтүстік аумақтарда жаңа медициналық орталықтар салуға күш салынған. Бүгінгі күнде халықтың өмір сүру ұзақтығының артуына байланысты, сонымен қатар медициналық технологиялардың жетілуіне қатысты халықтың сұранысы да артты. Өйткені заманауи техникалар мен озық әрі сапалы медициналық аппараттар көбейген сайын халықтың да сенімі нығайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында медицина саласын назардан тыс қалдырған емес. Қазіргі денсаулық сақтау саласы қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталған. Бұл тұста жаңа медициналық орталық тұрғындардың денсаулығын нығайтуға үлкен үлесін қоспақ.

Медициналық орталық екі жылдың ішінде салынады. Клиника замануи үлгідегі медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша мемлекеттік емханалардың жүктемесі едәуір азаймақ.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сарыағаш қаласында республикалық бюджет есебінен перинаталды орталығы бар көпсалалы медициналық кешен салынады. 10 гектар жерде бой көтеретін кешенде перзентхана, көпсалалы аурухана, емхана және әкімшілік ғимарат орналасады. Көпсалалы кешен ашу Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының халқына білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin