Түркістан облысы: Ордабасы ауданындағы ауыл шаруашылығын бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 81,1 пайызды құрады

Бұл жөнінде Азат Оралбаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиынның күн тәртібіне сай ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 8 айлық болжамы жөнінде аудандық Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева баяндама жасады.

Бөлім басшысының мәлімдеуінше, Ордабасы ауданындағы ауыл шаруашылығы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 8 айдың қорытындысымен 81,1 пайызды құраған. Алайда тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемінің көрсеткіші төмен екендігіне тоқталып өтті. Сол себепті аудан әкімі салалық әкім орынбасары мен бөлім басшысына агросектордағы көрсеткіштердің өз деңгейінде орындалуын қадағалауға алуды нықтап тапсырды.

Сонымен қатар Азат Әбдіғалиұлы жол апатының алдын алу үшін «Темірлан абаттандыру» мекемесіне аудандық Полиция бөлімімен бірлесіп, аудандағы ірі жол бөліктеріне жасанды жол кедергілері мен бейнебақылау қондырғыларын орнатуды тапсырды.

Апталық мәжілісте аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылары көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.а Асқар Балабиев ауыл, елді мекендерді инрақұрылыммен (табиғи газ, ауыз су, электр желілері) қамту құрылысының барысы, қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орынның жағдайы мен тасымалдау барысы туралы баяндап өтті.

Аудан басшысы газ, су жүргізуде кешеуілдеп жатқан бірқатар жобаларды тізбелеп, сала жауаптыларына құрлыс жұмыстарын жоспардан кешіктірмеуді, бюджеттен қаралған қаржының дұрыс игерілуін қадағалауды ескертті.

Сондай-ақ, аудан әкімі барлық ауыл әкімдеріне Қараспан ауылындағы кәсіпкер азаматтың тұрмыстық қалдықтарды жинаудағы тәжірибесін үлгі етті. Әрі ауыл, елді мекендергі тұрмыстық қатты қалдықтарды бір жақты етуде қоқыс полигондарын жергілікті жердегі кәсіпкерлерге сенімгерлікке беруді тілге тиек етті.

Мәжілісте аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Махалұлы дайын эскиздік жобалар мен әзірленіп жатқан жобалық-сметалық құжаттама туралы қысқаша баяндады.

Бөлім басшысы өз баяндамасында Темірлан елді мекеніндегі 70,0 гектар аумақты абаттандыру, көгалдандыру, Арыс бұрылысы, Темірлан елді мекеніне Шымкент қаласы мен Сайрам бағытынан кіре беріс жол бойына эскиздік жоба, абаттандыру, көгалдандыру бойынша арнайы слайдпен ақпарат берді.

Өз кезегінде аудан басшысы салалық бөлімге аталған сәулеттік жобаларды өзектілігіне қарай әліде жетілдіруді, ауданымыздың келбетін келтіріп, ажарын ашуға тиісті бірегей жобалар әзірлеуді тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin