Түркістан облысы: Отырар ауданындағы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар цифрлық форматпен «Дипломмен ауылға» жобасының игілігін көре алады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылдың 28 наурыздағы №93 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға» жобасының сенімді агенті болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы тағайындалды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер «otbasybank.kz» жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады. Бұл жөнінде Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Г.Үркінбаева хабарлады.

«Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы «otbasybank.kz» порталында тіркелуі және электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.

Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).

Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі.

Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады)

Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.

«Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де «otbasybank.kz» платформасы арқылы өтініш беруге болады.

Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

l) көтерме жәрдемақы алған кезде:

өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

Кредиттік бюродан есеп;

3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

Кредиттік бюродан есеп.

Сайтқа сілтеме — adilet.zan/kaz/docs/v1400009946

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу.

Кеңірек мағлұмат алу үшін Отырар аудандық экономика және қаржы бөліміне жүгінсеңіз де болады. Байланыс телефоны: 87004479207. Жұмыс уақыты: сағат 09.00-19.00 аралығы, түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 аралығы.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға септігін айтарлықтай тигізді. Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге, алыс ауылдарға, кенттерге, аудан орталықтарына жастар ауылды көркейту үшін барып жатқаны белгілі. Бүгінгі таңда мамандарға мұқтаж өңірлер аз емес. Шыны керек, жағдай жасалмаған, көгілдір отын жоқ, кей ауылдарда тіпті ауыз суды сатып ішеді, жолы нашар, тағысын тағы кемшіліктері көп ауылдарға қалада білім алған жастардың дені барғысы келмейді.

2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда қажетті еңбек ресурстарымен ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін күшейтуге бағытталған “Дипломмен ауылға” мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Осы жоба бойынша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. “Дипломмен ауылға” жобасының басында әлеуметтік қолдау тек әлеуметтік саланың: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көрсетілді. Кейінірек, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіле бастады.

Жобаға қатысқысы келетіндер үшін жалғыз критерий – бұл тек дипломның болуы. Жоба мамандарға олардың жасына, білім деңгейіне және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне байланысты әлеуметтік қолдау шараларын көрсетудің шектеулерін көздемейді.

Бұл бағдарлама – енді ғана оқу бітірген жас мамандардың жұмысқа орналасуы үшін мемлекет тарапынан берілген үлкен мүмкіндік. Сол мүмкіндікті жібермеу болашақ жастардың қолында. Университет қабырғасын тәмәмдай болысымен көптеген жастардың жұмысқа орналаса алмай жүретіні бәрімізге белгілі. Көптеген жастар өз мамандығымен еңбек жолын бастай алмай жүр. Қарапайым жұмыскер болып, азық-түлік, техника дүкендерінде және басқа да жерлерде жұмыс істеп жатады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You