Түркістан облысы: Отырар ауданында кәсіпкерлермен жиын өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы ірі жобаларды іске асыру мақсатында жұмыс атқарып жүрген кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Жиынға Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов, дербес бөлім басшылары, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал қызметкерлері, кәсіпкерлер қатысты.

Кездесудің мақсаты ірі жобаларды іске асыру мақсатында жұмыс атқарып жүрген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және жобаның іске асыру барысындағы кедергілері талқылау һәм шешу жолдарын қарастыру тақырыбында болды. Кәсіпкерлер өз тарапынан жобаларды іске асыру жұмыстары кезіндегі жер құжаттары және қаржы мәселелерін ортаға салды. Аудан әкімі әр жобаға жеке-жеке тоқталып, негізгі проблемалық мәселелерін тыңдады. Аталған ірі жобалар ауданның экономикасына бірден-бір серпін беруші жобалар екенін ескере ортырып, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында біршама тапсырмалар берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.