Түркістан облысы: Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында биыл көлденең қашыртқылар мен бас коллектор жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау межеленген

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан тұрғындарымен кездесу жиыны Шәуілдір ауыл округінде ұйымдастырылды. Кездесу барысында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алда тұрған міндеттерді атап өтті.

Жалпы, Шәуілдір ауыл округінде іске асып жатқан жұмыстар аз емес. Ішкі көшелерді асфальттау, жарықтандыру, аяқжолдар салу, көгалдандыру, газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілу үстінде.

Бұл ретте тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назардан тыс қалмады. Айталық, биыл 10 наурызда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Отырар ауданы тұрғындарымен кездесуінде Шәуілдір ауылының тұрғыны Әбдіхалық Жаймырзаев «Отырар ауданының Шәуілдір суармалы алқабындағы 12 мың гектар алқаптың жер асты ыза суының деңгейі мен жердің тұздылығын төмендететін 368 шақырымдық көлденең қашыртқылар мен 55 шықырымдық бас коллектор жүйесін қайта қалпына келтіру жұмысы 2021 жылдың басында басталған болатын. Алайда, бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Осы мәселе оң шешімін тапса» — деген мәселе көтерген болатын. Осыған орай облыс әкімдігі тарапынан мәселелерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, Шәуілдір ауылындағы көлденең қашыртқылар мен бас коллектор жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау мен республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру өз шешімін тауып, құжатқа енді. Құжат бойынша жылдың соңына дейін өз шешімін табады делінген.

Сонымен қатар бұған дейінгі кездесулерде Шәуілдір ауылындағы Д.Құрманбеков көшесіне тас төсеу туралы ауыл тұрғыны өтінішін айтқан болатын. Бүгінде аталған мәселе өз шешімін тауып, демеушілер есебінен Д.Құрманбеков көшесіне тас төселді. Мұнан бөлек Шәуілдір ауылындағы А.Маханбетұлы, С.Өтебеков көшелеріне «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы, Отырар ауданындағы жол-көлік инфрақұрылымы туралы айтар болсақ, аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдардың ұзындығы 863,25 шақырымды құрайды. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағысы — 543,93 шақырым (63 %). Нақтылай айтсақ, облыстық маңыздағы жолдар — 325,9 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 192,28 шақырым (59%). Аудандық маңыздағы жолдар — 109,65 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 90,15 шақырым (82,22%). Ішкі көшелер — 427,7 шақырым, қанағаттанарлық жағдайдағысы — 261,5 шақырым (62%). Оның ішінде: асфальт көше — 261,5 шақырым; тас көше — 87,3 шақырым; топырақ көше — 78,9 шақырым.

«2022 жылы ұзындығы 19,8 шақырымды құрайтын 26 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жергілікті бюджеттен (сметалық құны — 303,8 миллион теңге) жүргізілді.

Ауылдық округтер төртінші бюджеті есебінен 7 шақырымды құрайтын 15 көшеге ағымдағы, орта жөндеу жұмыстары (39,8 миллион теңге) жүргізілді.

   2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 19,6 шақырымды құрайтын 10 ішкі көшеге (518,4 миллион теңге) және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 24,3 шақырымды құрайтын (417,9 миллион теңге) 17 көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарланып, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар 305,4 шақырымды (72,0 %) құрайды деп күтіліп отыр.

 Сондай-ақ ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшамауданда газ құбырын жүргізуге қаржы қаралып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Газбен қамтудың жай-күйі туралы да мағлұмат бере өтейік.

Отырар ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2017 жылдары автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған. АГТС арқылы 2025 жылға 34 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінде 22 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. 2022 жылдың есепті кезеңінде 13 елді мекенде газ құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда 12 елді мекендегі 2139 абонент (қосылуы — 66 пайыз) табиғи газға қосылған. Олар: Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам, Бестораңғыл, Ақтам, Талапты, Шәуілдір елді мекендері, халық саны — 20759, абонент саны – 3239.

Ал 2023 жылы 9 елді мекен (Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Отырар, Көкмардан, Шытты, Сарыкөл, Сырдария елді мекендері, халық саны — 16123, абонент — 2681) табиғи газға қосылған жағдайда аудан халқының 72 пайызы (5981 абонент, 37113 тұрғын)  табиғи газбен қамтылатын болады.

Бұдан бөлек 2024 жылы Қостүйін елді мекенін газға қосу жоспарланып отыр. Сәкен Сұлтанхановтың жоспарлауынша, 2023 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 12 елді мекеннің   жобалық-сметалық құжаты әзірленіп (Аққұм, Жанкел, Көксарай, Ызакөл, Шеңгелді, Қостерек, Бестам, Маяқұм, Үштам, Көлқұдық, Балтакөл, Ақкөл елді мекендері, халық саны — 14312, абонент — 2243), 2025 жылға газ құрылысын аяқтап, ауданның жалпы газбен қамтылуы 99,6 пайызға жетеді деп күтілу үстінде.

Сонымен қатар Шәуілдір ауылындағы саябақтар мен көшелерді сәулеттік жарықтандыру жұмыстары басталды.

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен облыста «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленген болатын. Жоба шеңберінде Шәуілдір елді мекенінен 600 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс демекші, 2022 жылы 18 657 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың (17 100 шаршы метр) есепті кезеңімен салыстырғанда 109,1 %-ды құрап отыр. Сонымен қатар 2022 жылы 8 миллиард 613 миллион 600 мың теңгенің (2021 жылы 2,196 миллион теңге) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, көрсеткіш 2021 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 2,5 есеге артық орындалған.

Айтпақшы, 2022 жылы Қоғам ауыл округіне қарасты Талапты ауылындағы дәрігерлік амбулатория (жобалық құны — 450 миллион теңге) құрылысы басталыпты, 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Есепті жылы Балтакөл ауылындағы 200 орындық және Аққұм ауылындағы 100 орындық мәдениет үйлері де пайдалануға берілді.

Аққұм, Шытты ауылдарындағы медициналық емдеу мекемелері ғимараттарының  тозығы жетуіне байланысты 2023 жылы жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, 2024 жылы құрылысын жүргізу көзделген. Аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан орталығынан қашықта орналасқан елді мекендердегі 3 175 тұрғын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

2023 жылы Ақтөбе, Шойманов ауылдарындағы 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысына «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында ұлттық қордан 200,0 миллион теңге қаржы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

Аудан бойынша 1 мектептің құрылысын аяқтау, 1 мектеп құрылысын салу және 1 мектеп жанынан қосымша жай салу жоспарда бар.

2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жаңа тұрғын алаптарын инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша 3 жоба іске асырылуда:

— Шәуілдір ауылындағы Қызыл Түркістан жаңа тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысына (құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны — 114,2 миллион теңге) 2022 жылы ұлттық қор есебінен 102,7 миллион теңге қаралып, игерілген. 2023 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін 11,5 миллион теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілді.

— Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшам ауданында газ құбырын салу (сметалық құны —  350,8 миллион теңге);

— Темір ауылындағы жаңа тұрғын алабының электр жүйесімен қамтамасыз ету құрылысына (сметалық құны — 495,8 миллион теңге) мемлекеттік сатып алу конкурстары өтіп жатыр. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 509 жер учаскесі газбен, 443 жер учаскесі электр желісімен қамтылады.

Кездесуде ардагерлер Жұмахан Әбдіқадіров, Мария Белгібай, Төреәділ Тұрабаев аудан орталығы Шәуілдір ауылында атқарылған жұмыстарға көңілі толатынын айтып, ризашылығын жеткізді. Көкейде жүрген мәселелер айтылып, орталық көшеде иесіз малдардың жүруі, ішкі көшелерді жарықтандыру, газ құбырларының ақауларын жөндеу үшін арнайы мамандардың қажеттілігі секілді сұрақтар бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов тұрғындардың иесіз малдардың көшелерде жүруін шектеу, балаларға ойын алаңшасын салу туралы өтініштеріне сәйкес аудан депутаттары тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті. Төраға өз сөзінде мал иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты мекемелерге ескертілгенін, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен ойын алаңшасын салу жұмыстары ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Ойын алаңшасы дегеннен шығады, 2022 жылы Шәуілдір ауылындағы М.Әуезов көшесіне (45,176 миллион теңге) және Мыңшұқыр ауылына көп функционалды спорттық ойын алаңшалары (35,017 миллион теңге) пайдалануға берілген.

Сонымен қатар 2022 жылы 4 елді мекенде (Балтакөл, Шытты, Қарғалы, Қостерек) спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға беріліпті.

Ал Темір ауылындағы М.Әлиев көшесін абаттандыру жұмыстарына (94,15 миллион теңге) қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліпті (келісімшарт құны 72,576 миллион теңге).

«Қазіргі заман талабына сай елді мекендерде балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын салу бойынша тұрғындардан сұраныстар көптеп түсіп жатыр» деген аудан басшысы биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аққұм, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік елді мекендеріне балалар ойын алаңшасын салуға сметалық құны 151,6 миллион теңге, Шеңгелді, Талапты, Арыс, Көлқұдық, Маяқұм елді мекендерінен спорт алаңшаларын салуға сметалық құны 125,8 миллион теңге қарастырылып отырғандығын жеткізді.

Бұдан бөлек Шәуілдір-Темір автокөлік жолының ортасына абаттандыру жұмыстары жалғасын табады (сметалық құны 72 миллион теңге) екен. Оған қоса Отырар ауданының кіреберіс қақпасының төңірегі жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады (смета құны — 45 миллион теңге).

Кездесу соңында Шәуілдір ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзахмет Темірбек ел басқарып отырған азаматтардың алдағы істеріне сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Айта өтейік, Шәуілдір — Түркістан облысының Отырар ауданындағы ауыл, аудан (1934 жылдан) және Шәуілдір ауылдық округінің орталығы.

Облыс орталығы — Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 72 шақырым жерде, Арыс өзені мен Д.Алтынбеков атындағы канал бойында орналасқан.

1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 8561 адам (4242 ер адам және 4319 әйел адам) болса, 2009 жылы 8428 адамды (4205 ер адам және 4223 әйел адам) құрады. Ал 2023 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша аудан орталығында 10439 халық мекендейді.

Мұнда Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция базасы негізінде 1980 жылы «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы құрылды. Әбу Наср әл-Фараби атындағы Отырар-Арыстанбаб мұражай кітапханасы ұйымдастырылған. Мәдениет сарайы, 9 кітапхана, 2 мешіт, «Ақ барыс» спорт залы, «Қарлығаш» кинотеатры, «Жұлдыз», «Жібек жолы» мейрамханалары, «Барыс» мақта қабылдау пункті, Шәуілдір СЭС-ы, 6 орта, музыка, спорт мектептері, «Балдырған» бала бақшасы, «Бала өмір» емханасы, ауданы аурухана бар.

Шәуілдірде 27 өндірістік кооператив, 75 шаруа қожалығы, 8 тұрмыстық қызмет көрсету, 3 сауда орны, нан, өсімдік майын шығару цехы, т.б. мекемелер жұмыс істейді.

Ауылдан академик, Халық Қаһарманы Мұхтар Әлиев, академик Рахманқұл Бердібаев, Орта Азиядағы тұңғыш чекист, үш мәрте Қызыл Ту орденінің тұңғыш иегерінің бірі – Абдолла Жармұханбетов, Түркістан АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы Абылай Серғазиев, ақын жазушылар Саттар Асқарұлы Ерубаев, Көпен Әмірбеков, Әселхан Қалыбекова, Бекарыс Шойбеков, т.б. көптеген танымал, атақты адамдар шыққан. Шәуілдірден 8 шақырым жерде ескі Отырар қаласы және Арыстан баб мешіті орналасқан.

Еске салайық, Шәуілдір ауылдық округінің орталығы — Шәуілдір ауылы.

      Елді мекендері — Шәуілдір.

      Халық саны — 8995 адам

      Округтің барлық жер көлемі 1782 гектарды құрап отыр.

      Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер төмендегідей:

Елді мекен Түйе Жылқы Ірі қара мал Уақ мал
1 Шәуілдір 659 2233 3896
  Барлығы 659 2233 3896

 

      Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәлімет мынадай:

Елді мекендер Мал дәрігерлік пунктері Мал тоғыту орындары Жасанды қашырым пунктері Биотермиялық шұңқырлар
1 Шәуілдір 1 1 1 1
  Барлығы 1 1 1 1

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршурттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:

Таулы аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі Таулы аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі Ескерту
1 Сәуір-мамыр Тамыз-қыркүйек  

 

      Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:

Елді мекен Елді мекендердегі жалпы жайылымның жер көлемі, гектар Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Жылқы Норма,
гектар
Қажетті жайылым,
гектар
Ірі қара
1 2 3 4 5 6 7
1 Шәуілдір 1451 659 9,0 5931 2233
  Барлығы 1451 659 9,0 5931 2233
Норма,
гектар
Қажетті жайылым, гектар Уақ мал Норма,
гектар
Қажетті жайылым,
гектар
Жалпы қажет жайылым жер көлемі, гектар Елді мекендердің жалпы жайылымы мен қажетті жайылымның айырмасы, (-,+)
8 9 10 11 12 13 14
8,0 17864 3896 2 7792 31587 -31587
8,0 17864 3896 2 7792 31587 -31587

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin