Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының әкімі өндіріс орындарын аралады

Аудан әкімі Арман Айдарұлы Абдуллаев кәсіпкерлік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Алдымен аудан әкімі Еңкес елді мекеніндегі «SILK ALLEY» шарап зауытына арнайы барып, өндіріс орнының жұмысымен танысты. 2013 жылы іске қосылған зауыт 600 гектар аумақта жүзімді баптап, жүзім шарабын өндірумен айналысады. Зауытта 90-ға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда дайын өнім шет елге жөнелтіліп, еліміздің атын шығаратын брендке айналуда. Зауыттың жұмысымен танысып шыққан аудан әкімі зауыттың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, аудан әкімі «SILK ALLEY» ЖШС-не қарасты аумақта қолға алынған жылыжайдағы лимон өсіру және балық шаруашылығының жұмысымен танысты.

Содан соң, Құркелес ауылдық округінде орналасқан ЖК «Амантай-Пласт» полиэтилен қалдықтарын қайта өңдейтін кәсіпорында болды. Аталған кәсіпорын алғашында полиэтилен түйіршіктерін өндіру бағытында ашылып, ал қазіргі таңда тұрғындарға қажетті пластикалық жәшіктер мен құбырлар, полиэтилен пакеттер өндіру ісін қолға алған. Кәсіпорын иесі жеке кәсіпкер Амантай Андасов аудан әкіміне өндіріс барысын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі:

— Қазіргі таңда кәсіптің көзін тауып, өз ісін бастаған кәсіпкерлердің күн санап саны артып келуі көз қуантады. Алдағы уақытта өз ісін бастаған кәсіпкерге аудан әкімдігі тарапынан қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз. Бастаған кәсібіңізге сәттілік, алдағы уақытта өнім көлемі ұлғая берсін, — деді.

Айта кетсек, аталған кәсіпорын бүгінгі таңда 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, тәулігіне 2500 дана пластикалық жәшік және диаметрі 0,15-315 мм аралығындағы пластикалық құбырлар өндіруде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.