Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының минералды суларына елімізде сұраныс жоғары

Сарыағаш – облыста ерекше орны бар аудан. Табиғаты мен климаттық жайлылығымен және шипалы суымен ерекшеленеді. Тек Қазақстанға ғана емес, басқа да алыс жақын мемлекеттерге дертке дауа шипалы суымен танылған мекен.

Осыған орай аудан әкімі Арман Айдарұлы Абдуллаев түнеугүні аудандағы минералды су өндіретін зауыттарға арнайы барып, өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Көктерек кентіндегі шипажайлар аумағында орналасқан «Асем-Ай» ЖШС минералды су өндіретін зауыттың жұмыс барысымен танысты. Өндірістің қуаты мен туристік әлеуетін таныстырған зауыт директоры Сәбит Құдайбергенов аудан басшысына бүгінде минералды суларға сұраныс еліміздегі басқа қалаларданда сұраныс жоғары екендігін айтып, жылдан жылға өндіріс қуаты артып келе жатқандығын жеткізді. Өндіріс орнын аралау кезінде аудан әкімі зауыттың директорына өнімдерді нарықта саудалау мен оны жеткізу ісінде сапалы жұмыстардың жасалу қажеттігін айтып, зауыттың жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетсек, аталған зауыттың қуаттылығы — айына 4 миллион 200 бөтелке.

Одан кейін, «Алекс» ЖШС минералды су өндіретін зауытқа табан тіреген аудан басшысы өндіріс орнының қуаттылығын көзден кешіріп, жұмысшылармен тілдесті. Аталған зауыттың директоры Иван Погребной аудан әкіміне өндірістің жұмыс барысын айтып беріп, зауыттағы құрылғылармен таныстырды.

Су демекші, ауданның су қоры жер беті мен жер асты суларынан тұрады. Сарыағаш ауданы аумағындағы су жүйелерінің жалпы саны — 329 дана, ұзындығы — 2232,7 шақырым, оның ішінде каналдар — 168 бірлік, ұзындығы — 1401,7 шақырым және қашыртқылар — 161 бірлік, ұзындығы — 831 шақырым. Ағын су жүйелері арқылы аудандағы 27,6 мың гектар көлеміндегі суармалы жерлер сумен қамтамасыз етіледі. Сарыағаш ауданы арқылы 3 ірі және кіші (Сырдария, Келес және Құркелес) өзендері ағып өтеді. Келес өзенінің ұзындығы 241 шақырымды құрайды, Шардара су бөгеніне келіп құяды. Келес өзеніне 10 шақты су тармақтары келіп құйылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.