Түркістан облысы: Сауран ауданының Жаңа Иқан мен Ескі Иқан ауылдық округі тұрғындарын «Иқан су» қоймасын салу, «Шылбыр су» қоймасын мемлекетке қайтару, ағын су, ауылға құдық қазу, жайылымдық жер мәселелері алаңдатады

Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев, аудандық мәслихат депутаттары Нұржол Қоңқабаев, Дилмухаммед Ирисбаев Жаңа Иқан ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Кездесуді Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Тайыр Абдаев ашып, жүргізіп отырды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша бүгінгі таңға атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

Аталған ауылдық округте өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Ауылдық округ тұрғындарының басты мәселесі табиғи газ екенін алға тартты. Биыл көмір бағасының қымбаттап жатқанын айтып, газ мәселесіндегі шешілмей жатқан жәйттерді атап өтті. Бұдан бөлек, «Иқан су» қоймасын салу бойынша да ауыл тұрғындары бұған дейін көтеріліп жатқан мәселені айтып, осы бағытта нендей жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.

Сонымен қатар, тұрғын үй құжаттарын заңдастыру бағытында мемлекеттік акті алу, ауылда электрик маманы тапшы екенін, газ мәселесінде жәшіктеріндегі есептегіш құралдарының ұрланып жатқанын, ауылдық округке қарасты жекеге өтіп кеткен «Шылбыр су» қоймасын мемлекетке қайтару қажеттігін, Ойық елді мекеніне газ қашан келетінін, ауылдық округтегі учаскелік полиция инспекторларына көңілдері толмайтынын жеткізді.

Жаңа Иқан ауылдық округінің оОрталығы — Жаңа Иқан ауылы.

Елді мекендері — Жаңа Иқан, Ибата, Ойық.  Халық саны — 7182 адам.

Округтің жалпы жер көлемі — 80514 гектар. Оның ішінде:

ауыл шаруашылығы жері — 54556 гектар;

суармалы жері — 6267 гектар;

шабындық жері — 334 гектар; жайылымдық жері — 47955 гектар.

Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер төмендегідей:

Елді мекен Түйе Жылқы Ірі қара мал Ұсақ мал
1 Ибата 1508 10441 38718
2 Ойық 39 690 755
  Барлығы: 1547 11131 39473

Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер:

Елді мекен Ветеринариялық станциялар Ұсақ малдарды шомылдыру орындары Жасанды ұрықтандыру пунктері Биотермия- лық

шұңқырлар

1 Жаңа Иқан 2 1
2 Ибата 1 1 1
3 Ойық 1
  Барлы- ғы: 1 4 2
           

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:

Жайылым аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі Жайылым аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі Ескер- ту
1 Сәуір-мамыр Тамыз-қазан  

Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:

Елді мекендер Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Жылқы Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Ірі қара
1 2 4 5 6 7
1 Ибата 1508 9 13572 10441
2 Ойық 39 9 351 690
  Барлығы: 1547 9 13923 11131

 

Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Ұсақ мал Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар
8 9 10 11 12
8 83528 38718 2 77436
8 5520 755 2 1510
8 89048 39473 2 78946

Бұдан соң кезекті кездесу Ескі Иқан ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесуге Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудандық мәслихат депутаттары Ислам Намуратов, Хуршид Шарапов, Махсуд Хажиев қатысты. Жиынды Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дильшод Сайтов ашып жүргізіп отырды.

Бұл ауылдық округіндегі тұрғындардың өзекті мәселесіне айналған ауыз су, табиғи газдың келмеуінен биыл тағы да көмір алуға тура келіп отырғанын жеткізді. Биыл көмір бағасының қымбаттап жатқанын айтып, сонымен бірге азық-түлік, ұн бағасы мен нанның қамбаттап жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ауылдық округтің негізгі күн көрісі диқаншылық екенін алға тартып, ағын су мәселесі өзекті болып отырғанын, ауылға құдық қазу, жайылымдық жер, газ мәселесі, ауылда тұрғындар саны жыл санап артып жатқанын, осыған орай, тұрғын үйге учаскелік жер беру, мектеп салу, жеңілдетілген жанар-жағар майды талонмен беруді, «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құжаттары өткізілген тұрғындардың мәселелері оңды шешімін таппай жатқанын мәлім етті.

Ескі Иқан ауылдық округінің орталығы — Ескі Иқан ауылы.

Елді мекендері — Ескі Иқан, Достық.  Халық саны -16091 адам.

Округтің жалпы жер көлемі — 39729 гектар. Оның ішінде:

ауыл шаруашылығы жері — 22278 гектар;  суармалы жері — 12021 гектар;

шабындық жері — 221 гектар; жайылымдық жері — 10036 гектар.

Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер мынадай:

Елді мекен Түйе Жылқы Ірі қара мал Ұсақ мал
1 Ескі Иқан 1000 10000 50000
2 Достық 540 9587 5900
  Барлығы: 1540 19587 55900

Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректерге назар салыңыздар:

Елді мекен Ветеринариялық станциялар Ұсақ малдарды шомылдыру орындары Жасанды ұрықтандыру пунктері Биотермия- лық

шұңқырлар

1 Ескі Иқан 1 1
2 Достық 1 1
  Барлы- ғы: 1 2 1
           

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:

Жайылым аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі Жайылым аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі Ескер- ту
1 Сәуір-мамыр Тамыз-қазан  

Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:

Елді мекен- дер Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Жылқы Гектар нормасы Қажетті жайылым, гектар Ірі қара
1 2 4 5 6 7
1 Ескі Иқан 1000 9 9000 10000
2 Достық 540 9 4860 9587
  Барлығы: 1540 9 13860 19587

 

Гектар норма- сы Қажетті жайылым, гектар Ұсақ мал Гектар норма- сы Қажетті жайылым, гектар
8 9 10 11 12
8 80000 50000 2 100000
8 76696 5900 2 11800
8 29688 55900 2 65206

Жоғарыда аталған ауылдық округтердегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша әрбір сұраққа дер кезінде аудан әкімінің орынбасарлары және тиісті бөлім басшылары бақылауға алып, шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, кездесулерде сол ауылдық округтерінен сайланған депуттаттар да өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin