Түркістан облысы: Сауран ауданының Жібек жолы мен Майдантал ауылдық округінде ауыз су, ағын су, ірілендіру кезінде айырылып қалған суармалы жерлерді қайтару, тоғайдағы жайылым жерді қайтару, су жиналатын тоғанның мәселелері өзекті болып тұр

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаты Арсылан Раматуллаев, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Әшірбеков ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады. Алдымен Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Ескі Сауран елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров Жібек жолы ауылдық округі бойынша бүгінгі таңға атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, алдағы 2024 жылға аудандық бюджетке ауылдық округтегі өзекті мәселелерді енгізу бойынша ұсыныс пікірлері жүзеге асатынын жеткізді.

Ескі Сауран елді мекенінде өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Елді мекендегі Алдияров көшесін жарықтандыру, ауыз су, елді мекендегі клубта ауыз судың жоқтығын, елді мекен ішінен өтетін ауыр жүк көліктерін тоқтату немесе жай жүру белгілерін орнату, ірілендіру бойынша суармалы жерлерінен кезінде айырылып қалған, соларды қайтару, ауылда тұрғындарға жағдай қарастырылмаған, сондықтан халық сыртқа көшіп жатқанын жеткізді. Бұдан бөлек, ауылда жұмыссыздық белең алып жатқанын, сондықтан жастар сыртта Ресей асып жұмыс жасап жатқанын, егістікке ағын су мәселесі, мектептің айналасын қоршап беруін сұранды.

Бұдан соң Сауран елді мекенінде кездесу жалғасын тапты. Онда ауыл тұрғындарының басты мәселесі ауыл маңына карер қазғалы жатқан зауытты тоқтату жөнінде наразылықтарын білдірді. Елді мекеннің 80-90 пайызы егістікпен айналысатынын айтып, ағын судың жоқтығын, электр жарғының кешкі уақытта нашарлап кететінін, жастардың жұмыссыздығын, қоғамдық көліктің жүруін, ауылдағы тұрғындар ауырып қалса, жәдел жәрдем көліктері көпірден өте алмайтынын, соған орай, Шорнақ пен Жібек жолы елді мекеніне 15 шақырымдық жолды тездетіп бітіріп беруін, Тоғайдағы жайылым жерді қайтару, мектептің алдын жарықтандыру, ауыз судың бағасы қымбаттап жатқанын, газ мәселесі төңірегінде мәселелерін жеткізді.

Жібек жолы ауылдық округінің орталығы — Жібек жолы ауылы.

Елді мекендері — Жібек жолы, Сауран, 30 Разъезд. Халық саны — 2449 адам.

Округтің жалпы жер көлемі — 40760 гектар. Оның ішінде:

ауыл шаруашылығы жері — 19847 гектар;

суармалы жері — 2244 гектар;

шабындық жері — 143 гектар; жайылымдық жері — 17460 гектар.

Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер мынадай:

 

Елді мекен Түйе Жылқы Ірі қара мал Ұсақ мал
1 Жібек жолы        
2 Сауран 829 258 1461 23828
3 30 Разъезд 4 249 976 12086
  Барлығы: 833 507 2437 35914

Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер төмендегіше:

 

Ауыл округі Ветеринариялық станция- лар Ұсақ малдарды шомылдыру орындары Жасанды ұрықтандыру пунктері Биотермия- лық

Шұңқырлар

1 Жібек жолы   2 1  
2 Сауран 1 1 1  
3 30 Разъ- езд   1    
  Барлығы: 1 4 2  

 

 

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:

 

Жайылым аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі Жайылым аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі Ескер- ту
1 Сәуір-мамыр Тамыз-қазан  

Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:

 

Елді ме- кендер Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Жы- лқы Гектар нор- масы Қажетті жайылым, гектар Ірі қара мал
1 2 4 5 6 7
1 Жібек жо- лы        
2 Сауран 258 9 2322 1461
3 30Разъезд 249 9 2241 976
  Барлығы:        

 

Гектар нормасы Қажетті жайы лым, гектар Ұсақ мал Гектар нормасы Қажетті жайы лым, гектар
8 9 10 11 12
         
8 11688 23828 2 47656
8 7808 12086 2 24172

Бұдан соң Майдантал ауылдық округінің тұрғындарымен кездескен аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат депутаты Арсылан Раматуллаев, Майдантал ауылдық округінің әкімі Жандос Досболов олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Майдантал ауылдық округіндегі су жиналатын тоғанның мәселесі бұған дейін де көтерілгенін айтып, шешіп беруін, ағын судың жоқтығын, тас арықтар ескірген, соларды жаңартуын, балалар ойын алаңшасын салуын, Қисық Шоқпар ауылына асфальт салуын, ауылда интернет байланысының нашарлығын, табиғи газ қашан келетінін, спорт зал, мектеп салу, жайылым жерлерді қайтару, ауылда жарықтың нашарлығын айтып, трансформатор мен бағаналарын орнату қажеттігін айтты.

Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар 126,9 гектарды құрайды.

          Оның ішінде: 48,5 мың га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтару арқылы, 78,4 мың га жер учаскесі меморандум арқылы қайтару жоспарланған.

Орындалуына келсек, мемлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың га жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулысы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың га жер учаскесіне шаруа қожалық иелерімен келісімшарт түзумен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы жоспар бойынша орындалғаны 121 903,57 мың га жер учаскесін құрады.

Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған.

Сонымен қатар, Әкімдік тарапынан жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы  сотқа  жалпы көлемі 891,06 га жалпы саны 8 жер учаскесін қайтару туралы талап қою арыз жолданып, бүгінгі таңда сот өндірісінде қаралуда.

Майдантал ауылдық округінің орталығы-  Майдантал ауылы.

Елді мекендері — Ынталы, Егізқара, Қаражон.  Халық саны — 4092 адам.

Округтің жалпы жер көлемі — 65751 гектар. Оның ішінде:

ауыл шаруашылығы жері — 32143 гектар;

суармалы жері — 1550 гектар;

шабындық жері — 105 гектар; жайылымдық жері — 30488 гектар.

Елді мекен бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер мынадай:

 

Елді мекен Түйе Жылқы Ірі қара мал Ұсақ мал
1 Ынталы 178 372 3720 23491
2 Егізқара 10 381 145 7414
3 Қаражон 207 603 6766
  Барлығы: 188 960 4468 37671

Ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер төменде көрсетілген:

 

Ауыл округі Ветеринариялық станция- лар Ұсақ малдарды шомылдыру орындары Жасанды ұрықтандыру пунктері Биотермия- лық

Шұңқырлар

1 Майдан- тал   3 1  
2 Егізқара   1    
3 Ынталы 1 1 1  
4 Қаражон   1    
  Барлығы: 1 6 2  

 

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы:

 

Жайылым аймаққа малдардың айдап шығарылу мерзімі Жайылым аймаққа шығарылған малдардың қайтарылу мерзімі Ескер- ту
1 Сәуір-мамыр Тамыз-қазан  

Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына шаққандағы жайылымның қажеттілігі туралы кестесі:

 

Елді ме- кендер Мал басы мен қажетті жайылымдық жер көлемі, гектар
Жы- лқы Гектар нор- масы Қажетті жайылым, гектар Ірі қара мал  
1 2 4 5 6 7  
1 Майдантал          
2 Ынталы 372 9 3348 3720  
3 Егізқара 381 9 3429 145  
4 Қаражон 207 9 1863 603  
  Барлығы: 960 9 8640 4468  

 

Гектар нормасы Қажетті жайы- лым, гектар Ұсақ мал Гектар нормасы Қажетті жайы- лым, гектар
8 9 10 11 12
8        
8 29760 23491 2 46982
8 1160 7414 2 14828
8 4824 6766 2 13532
8 35744 37671 2 75342

Жоғарыда аталған ауылдық округтердегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша әрбір сұраққа дер кезінде аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров пен тиісті бөлім басшылары бақылауға алып, шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, кездесулерде сол ауылдық округтерінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Арсылан Раматуллаев өзі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin