Түркістан облысы: Сауран ауданының орталығы – Шорнақ ауылдық округіндегі ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі 97 миллион теңгені құрайды

Бұл ақпаратты 2023 жылдың 9 айындағы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасында Шорнақ ауылдық округінің әкімі Б.Баймуратов айтты.  

Шорнақ ауылдық округі 4 елді мекеннен құралған, атап айтсақ, Шорнақ,  Қосмезгіл, Аша, РЗД-32 мекендері. Оларда 2176 жанұя немесе 13184 халық тұрады.

Шорнақ ауылдық округінің әкімі Б.Баймуратов сөзінің басын салықтық түсімдерден бастады. 9 айдың қорытындысы бойынша бекітілген кірістердің жоспары былайша орындалыпты:

Жоспары: 9ай      

Мүлік салығы                                  Жоспары – 1325,0 теңге;

                                                          Орындалғаны – 1450,0 теңге;

                                                          Пайызы — 109 %.

Жоспары: 9 ай

Көлік салығы                                   Жоспары – 10643,0 теңге;

                                                          Орындалғаны – 11500,0 теңге;         

                                                          Пайызы –108 %.         

 Жоспары: 9 ай                           

Төлем көзінен салық                      Жоспары – 1100,0 теңге;

салынбайтын табыстардан            Орындалғаны – 3716,0 теңге;

ұсталатын жеке табыс                    Пайызы – 337 %.

салығы 

Жоспары: 9 ай      

Жер салығы                                     Жоспары — 150,0 теңге;

                                                          Орындалғаны – 300,0 теңге;

                                                          Пайызы – 200%.

Мұнан соң әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстардың тиегін ағытты ауыл әкімі. Тізбектеп көрсек.

  1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 24 азамат қабылданып, қазіргі таңда 16 азамат жұмыс істеп жатыр.
  2. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2023 жылдың 9 айында құжат тапсырғандардың жалпы саны – 132.

Оның ішінде тағайындалғаны — 100.

Құжаты түгел болмай қайтқаны — 32 

Тағайындалған қаржы – 17059830 теңге. 

Электронды порталға 130 азамат өтініш беріп, тіркелген.

  1. Әлеуметтік сала бойынша тұрмысы төмен отбасыларға «Қамқорлық» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбасыларға демеушілер тарапынан ақшалай, азық-түлік демеушілер есебінен берілуде. Тұрмысы төмен отбасыларға отын түсіріп берілді.
  2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар:

1) Атаулы  әлеуметтік көмек алушылардың санын азайту бойынша Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға гранттар мен 2,5 пайыздың кредиттер ұсынылды. Шарттары түсіндіріліп, жұмыстар жүргізілуде.

2) Жастарды жұмысқа тарту, Жастар практикасы шеңберінде Шорнақ  ауылдық окургі бойынша 43 адам жұмыспен қамтылды.

3) Жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша Шорнақ ауылдық округі бойынша Ақылы қоғамға 28 азамат орналасып, Жаңа жұмыс орындарына 49 азамат орналасқан.

Шорнақ ауылдық округінің әкімі Б.Баймуратов ауыл шаруашылығы саласындағы тындырымды тірліктерге ерекше тоқталып өтті.

Шорнақ ауылдық округі бойынша «Сауран ауданы Агроөнеркәсіп кешенін 2018-2023 жылдарға дамыту» бағдарламасына сәйкес, 2023 жылдың 9 айында мынадай шаруалар еңсерілген: Шорнақ ауылдық округі бойынша 2023 жылы егілген егістік көлемі 3975 гектарды құрайды. Шорнақ ауылдық округі бойынша барлығы 101 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде іріленген 7 шаруа қожалығы, 2 жауапкерлігі шектеулі серіктестік жұмыс істеп тұр.

Шорнақ ауылдық округі бойынша 3900 гектар жерге егіс егу жоспарланса, 3975  гектар жерге егіс егіліп, жоспар 100,1 % орындалды.

Ауыл округінің жалпы ауыл шаруашылығы жері 51770 гектарды құрайды. Оның ішінде:

Суармалысы — 4608 гектар. Жайылымдық жері — 24120 гектар.

Жоспар бойынша жылына бір алқаптан 2-3  рет өнім алу жобаларын іске асыратын 25 шаруа қожалығы болса, 26 ауыл тұрғыны үй іргелік жерлеріне қияр, қызанақ, қырыққабат егіп  жылына 2 рет өнім алуда.  

Жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша жоспар 0,5 гектар болса, бүгінгі  таңда  барлығы 0,85 гектар жаңадан жылыжай салынып, диқандар редиска, қияр, қызанақ егіп, пайда табу мақсатында еңбек етуде.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 400 миллион болса, нақты орындалғаны 97 миллион теңге, жоспар 24 %-ды құрайды.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бойынша жылдық жоспар 5 бірлік болса, 2023 жылдың 9 айында 2 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасы алынды.  

Осы орайда Шорнақ ауылдық округі бойыша мал басы жөнінде де деректерді сөйлете кеткен абзал.

Мал түрі 01.06.2022 жылы 01.06.2023 жылы
1 Ірі қара 5494 5459
2 Уақ мал 43250 43960
3 Жылқы 1066 1073
4 Түйе 635 635
5 Құс 6690 6820

 Кәсіпкерлік саласы бойынша айтар болсақ, Шорнақ ауылдық округіне 2023 жылға 6100 миллиард теңге инвестициялық индикатор жоспары бекітілген. Ағымдағы жылдың 9 айында жоспардың 2,5 миллиард теңгесі жеке және мемлекет қаржысымен инвестиция есебінде орындалды. Шорнақ ауылдық округі  бойынша Шорнақ, Аша, Қосмезгіл, 32 разъезд елді мекендерінде орналасқан заңды 83 жеке кәcіпкер бар, оның ішінде 52-ге жуығы сауда нүктелері болып табылады. Шорнақ ауылдық округі бойынша жалпы құны 280 миллион теңге болатын 4 инвестициялық жоба тартылып, жеке кәсіпкерлер қаражатына іске асырылып жатыр.

Оның ішінде:

1 )Балабақша

2) Сауда орны

3) Қонақ үй

4) Дәріхана

Қазіргі таңда Қосмезгіл елді мекенінде 120 орынды «Нұр-Жанар» балабақшасы өз жұмысын атқарып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа идеяларды қолдауға арналған мемлекеттік гранты 8 азамат алған. Аталған азаматтар 200 есептік айлық көрсеткіш (583400 теңге) грант қаржысын алып, кәсіптерін жүргізуде. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 20 миллион болса,  жеке кәсіпкер  «Сунак ата» директоры Сирожиддин Шонабаев 30 миллион теңгеге тамақтану орны мен наубайхана   құжаттарын жасауда.

Әскери сала бойынша бірер сөз.

Ауыл округ атауы Әскерге міндеттілер мен шақырушыларды уақытылы жеткізу Жоспар (орындалуы) пайызы
Жоспар Медициналық сараптамдан өткендері
  2023 жылы көктемгі күзгі көктемгі күзгі көктемгі күзгі
1 Шорнақ ауылдық округі 371     —      24     — 8      —

2023 жылы көктемгі шақыруға 371 азамат жоспарланып, арнайы дәрігерлік тексеруден 24 азамат өткізіліп, оның ішінен 8 азамат әскер қатарына алынды.

Шорнақ ауылдық округінің әкімі Б.Баймуратов құқық қорғау саласы да назардан тыс қалдырған жоқ. Ауылдық  округтің полиция тірегінде 3 учаскелік полиция қызметкері     тұрақты жұмыс атқаруда.

Жалпы, ауылдық округ бойынша біршама жұмыс атқарылғанын әкімнің сөз саптасынан аңғардық. Атап айтатын болсақ Аша, Шорнақ елді мекендеріндегі Ә.Молдағұлова көшесіне 6 «Хово», А.Исмайлов көшесіне 5 «Хово», Ғ.Мұратбаев көшесіне 6 «Хово», Е.Шораев көшесіне 2 «Хово», М.Темирбаев көшесіне 21 «Хово», Т.Стамқұлов көшесіне 5 «Хово», Ы.Найманбаев көшесіне 6 «Хово» тас төгіліп, көшелер біршама ретке келтірілді. Сонымен қатар Аша елді мекеніндегі ұзындығы 1,6 шақырым болатын Тойтақ көшесіне 6 миллион 949 мың 850 теңгеге тас төсеу жұмыстарына сметалық құжаттары жасалды.

Есеп барысында Шорнақ ауылдық округінің әкімі Б.Баймуратов Шорнақ ауылдық округі бойынша өзекті мәселелердің атын атап, түсін түстеді.

  1. Қосмезгіл, Шорнақ елді мекендеріндегі «Таза су» бағдарламасының 2-ші кезеңін жүргізу үшін топотүсірілім жасалып, жоба жасауға жіберілді.
  2. Шорнақ ауылдық округіндегі 3 елді мекенді газбен қамтамасыз ету қажет.
  3. Бас жоспарға сәйкес Шорнақ ауылдық округі бойынша тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізуге қаржы бөлу керек.

Еске салайық, Шорнақ — Түркістан облысы Сауран ауданының және Шорнақ ауылдық округінің орталығы.

Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырымдай жерде, Арыс-Түркістан каналының бойында орналасқан.

1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2855 адам (1449 ер адам және 1406 әйел адам) болса, 2009 жылы 2986 адамды (1503 ер адам және 1483 әйел адам) құрады. Биылғы дерек бойынша 4187 адам мекендейді.

Мақта ұжымшары болып, Түркістан мақта тазалау зауытының дайындау пункті, астық қабылдау мекемесінің пункті болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт жұмыс істейді. Округ жерінде 18-ші ғасырда ежелгі Шорнақ қаласы болған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin