Түркістан облысы: 11 баласы бар келестік ана «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында кәсіп бастауға бел буды 

Түркістан облысы тұрғындарына бүгінде түрлі бағытта қолдау көрсетіліп келеді. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей тапсырмасымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы түсіндіріліп, кәсіп бастағандар қатары көбейіп келеді. Ал біразы жер алып, диқаншылықпен айналыса бастаған.

Келес ауданының Біртілек ауылдық округіне қарасты Аққорған елді мекенінің тұрғыны, көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек алудан бас тартты. 11 баласы бар батыр ана егін егіп, өз кәсібін дөңгелетуге, ол үшін конкурс арқылы жер алуға деген ниеті бар екен.

«Ауыл аманаты» бағдарламасына атаулы әлеуметтік көмек алушылар да қатыса алады деп естідім. Маған атаулы әлеуметтік көмектің керегі жоқ. Одан да осы бағдарламамен 2 гектар жер алып, егін егуді қолға алмақпын. Аллаға шүкір, 10 қызым, 1 ұлым бар. Өз-өзімді бағып кетемін», – дейді батыр ана.

Расында да, сүйсінетін тірлік. Еңбектенем деген адамға мүмкіндік көп. «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кәсіп бастамаққа бел буған әйелді кооперативке мүше етіп кіргізіп, жергілікті әкімдік арқылы жерді пайдалануға беруге болады. Өзі өңдейді. Қажет болса, оған 2,5% несие де алуына болады.

Соңғы онжылдықта елдің әл-ауқатын көтеру мақсатында әлеуметтік төлемдерге де жақсы көңіл бөлінді. Әсіресе, көпбалалы отбасылардың тұрмыстық жағдайын көтеру және отбасылық кәсіпті дамыту үшін «Өрлеу» секілді әлеуметтік төлемдер берілді. Бұдан кейін «Атаулы әлеуметтік көмек» тағайындала бастады.

Жасыратыны жоқ, ауылдағы өмір әрқашан оңай болған емес. Күнделікті ауылдың тірлігі, дамыған инфрақұрылымның болмауы, халықтың қалаға қоныс аударуы және ауыл тұрғындарының аз табысы — «Ауылдық пасторалді” еске түсіретін жұмбақ картиналар. Ешқашан ауылда болмаған және мұнда кем дегенде екі апта болмаған адам ауыл тұрғындарының ойлары мен тірлігін түсінбейді. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының жалғыз көзі шаруашылық пен мал болып тұр.  Ауыл тұрғындарының бизнес ашып, дамыту және кеңейту жөніндегі бастамалары мен жоспарлары көп жағдайда іске аспай қалып жатады.

Бұл мәселені шешу үшін Үкімет «Amanat» партиясымен бірлесіп Бүкіл Қазақстан бойынша «Ауыл аманаты» жобасын енгізу туралы шешім қабылдады. ️»Ауыл аманаты» жобасына қызығушылық танытқан ауыл тұрғындарының саны күн санап артып келеді. 

Осы жоба бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жыл, бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл көзделген. Ең жоғарғы сома – 2,5 мыңнан 8 мың АЕК-ке дейін, номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% — дан аспайды. Негізгі қарызды төлеу бойынша жеңілдікті кезең 12 айды құрайды.

Жаңа мемлекеттік бағдарлама механизмнің қол жетімділігі, жеңілдетілген несиелеу және төмен пайыздық мөлшерлеменің арқасында кеңінен таралуда. Бағдарлама ауыл тұрғындарына бизнес-жобаларын іске асыруға көмектесуге бағытталған. 

Бағдарламаны іске асыру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына және құс шаруашылығына, елді мекендерден тыс жерлерде жер ресурстарын пайдалану үшін, кооперативтер құру және жинақтау, Жеке кәсіпкерлікті дамыту (өндіру және қайта өңдеу), сатып алу-сату және жалға беру қызметін қоспағанда.

Қазақстандық ауылдарды дамытуға және отандық агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бағытталған бағдарлама. Жеңілдетілген несие және «Ауыл аманаты» жобасы көптеген ауыл тұрғындарына өз бизнесін құруға көмектесе алады.

«Ауыл аманаты» жобасы 2023 жылдан 2025 жылға дейін іске асырылатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin