ШЫМКЕНТТЕ АЯҚ КИІМ ӨНДІРІСІНДЕ ЖАҢА ЖЕЛІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ел экономикасының табысты дамуының кепілі-отандық өнім. «Lux Shoes» Шымкент фабрикасы «FANTES» және «COMELZ» түрік маркалы жабдықтарында заманауи итальяндық технология бойынша аяқ киім шығарады.

Аяқ киім өндірісінде түрік шаблондары қолданылады, бірақ модельдер осында жасалады. Бұл ретте «Lux Shoes» брендінің аяқ киімдері түркиялық аяқкиімнен арзанырақ. 2018 жылдан бастап нарықтағы отандық өндіріске үлес қосып келе жатқан компания жақында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында аяқ киім тігудің жаңа желісін іске қосты.

Отандық аяқ киім өндірісіне маманданған кәсіпорын 2018 жылдың тамыз айында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жұмысын бастады. Жобаның инвестиция көлемі-693 миллион теңге. Зауытта 45 адам жұмыс істейді.

Аяқ киімнің барлық түрлері таза былғарыдан жасалған және сапалы.

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін белгіленген жеңілдіктер кәсіпорынның тұрақты дамуына және нарықты отандық өнімдермен қамтуға мүмкіндік береді.

 

Айта кетейік, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 2005 жылдың шілдесінде құрылған және Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірінде мақта-тоқыма кластерін құрудың алғашқы қадамдарының бірі болып табылады. «Оңтүстік» АЭА өңір үшін және жалпы Қазақстан үшін перспективалы тоқыма секторына инвесторларды тарту үшін құрылған. «Оңтүстік» АЭА-ны дамытуға шамамен 1 млрд. доллар жеке инвестиция тарту жоспарлануда.

 

Атап айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестициялық құны 130.4 млрд теңге болатын 53 жобаны іске асыру жоспарлануда. Осы жобаларды толық іске асыру кезінде 6 198 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында әзірге 31 кәсіпорын ашылды. Солардың бірі-2013 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Бал Текстиль» кілем фабрикасы.

 

Әрине, бір поста «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жұмыс істейтін 31 кәсіпорын туралы егжей-тегжейлі айту қиын. Осыған қарамастан, 31 кәсіпорын 53.2 млрд теңге инвестиция тартты және мұнда 2 309 адам еңбек етуде, бұл өңірдің қаншалықты табысты екенін көрсетеді. Сондай-ақ, осы арнайы экономикалық аймақтың кәсіпорындары шығаратын тауарлар әлемнің 22 еліне экспортталады: АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Бельгия, Италия, Корея, Хорватия, Түркия, Беларусь, Қытай, Өзбекстан, Ресей. Алдағы жоспарға сәйкес 2022-2024 жылдары жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге, өндірістік қуаттарды ұлғайтуға және жаңа зауыт-фабрикаларды ашуға бағытталған 22 жоба іске асырылуы тиіс.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.