ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ТУРИСТІК БАҒЫТТА 6 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚ

2024 жылы Шымкент қаласы аумағында туризм саласы бойынша жеке инвестиция көлемі 6,2 млрд теңгені құрайтын 6 жоба (түрлі санаттағы қонақ үйлер) іске қосылуы жоспарлануда. Орташа есеппен 125 жаңа жұмыс орны ашылады. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерболат Оспанов осылай деді.

Оның мәліметінше, жалпы қонақ үйлердегі төсек-орын саны 365-ті құрайды. Олар: «Kazakh Hotel» «Керемет, «Алтай», «Zhamal Hotel Shymkent», «Zeinnur-Tau» және Б/Н қонақ үйлері. Аталған жобалар қаланың тартымдылығын арттырып, жаңа туристік бағыттардың ашылуына әсер етеді.
Сонымен қоса, 2024 2024 жылдың басынан бастап Шымкент қаласы бойынша 2 ауқымды танымдық-ақпарттық экскурсиялар өткізілді.
Индонезия елінің NET-телеканалының делегациясына; Мәскеу қаласынан келген туристерге (1 ауқымды) құралған қонақтар тобы. Ақпараттық дүңгіршектер 2024 жыл басынан:
Ақпараттық көмек көрсетілген туристер мен қала тұрғындарының саны – 300 жуық адамға қызмет көрсетті.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерболат Оспанов туристік инфрақұрылымды дамыту, креативті индустрия, сыртқы байланыстарды нығайту және тағы басқа бағыттар бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

2023 жылдық статистикалық есептерге сәйкес, қала аумағына 340 413 турист келген. Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент республика көлемінде Астана, Алматы қалалары және Ақмола облысынан кейін 4-ші орынды иемденіп отыр.

Осы жылға бекітілген жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін туристер санын 450 мың адамнан асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қазақстанның Қытайдағы туризм жылының ашылуы ашылуы салтанатында Шымкент қаласының стенді ұйымдастырылып, іс-шара барысында Қытай азаматтарына және Қытайдағы қазақтарға Шымкент қаласының туристік, гастрономия және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Сонымен қатар, қазақтың тұсау кесер салт-дәстүрі қатысушыларға көрсетілді.

Шымкентте туризмді дамыту мақсатында қаладағы инфрақұрылымдарға мониторингтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни сырттан турист келгенде қандай жерлерге барады? Осы мәселеге алдымен көңіл бөлінуде. Мегаполисте жүзге жуық туристік нысан бар.

Биыл да бірқатар іс-шаралар, жобалар қолға алынады. Атап айтқанда, Сайрам тұрғын алабын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Жоспарға сәйкес, Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесе 2024-2025 жылдар аралығында жылына 80 мыңнан аса зияратшы келетін нысандар – Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін абаттандыру көзделген. Тағы бір туристер тартудың көрнекі іс-шарасы Damdastour ресторандар жәрмеңкесі. Наурыз айында өтетін «ДәмДәсTour» фестивалін үшінші мегаполистің жыл сайынғы дәмді мерекесіне айналдыру жоспары бар. Бұл қаланың туристік әлеуетін дамытуға оң септігін тигізеді. Сондай-ақ, Шымкент қаласы гастрономиялық орталық деген ұғымды дәлелдей түссек деген ниет бар, – дейді Ерболат Мырзалыұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin