ШЫМКЕНТ: ВЬЕТНАМ ИНВЕСТОРЛАРЫ ТҮРЛІ САЛАДА ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

Вьетнам инвесторлары Шымкентте бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Шетелдіктер қала аумағындағы ескі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, тараптар арасында сауда-саттықты дамыту, құрылыс материалдарын өндіру бойынша бизнес жобаларын ұсынды.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Вьетнам инвесторларымен кездесіп, тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктерін қарастырды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз орталығының мәліметі осындай.
Соңғы жылдары Шымкент қаласы мен Вьетнам мемлекеті арасындағы сауда-экономикалық қатынастар нығайып келеді. Былтыр тараптар арасындағы тауар айналым шамамен 1,7 млн. АҚШ долларына жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 13 есе артқан.
Бүгінгі таңда мегаполис инвестициялық тартымдылық бойынша республикада алдыңғы орында. Былтыр қалаға 1,2 млрд инвестиция тартылған.
Шымкент-Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатындағы кездесуде тараптардың мүмкіндіктері қарастырылып, инвестициялық жобалар талқыланды. М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ұсынылған бастамаларды жіті зерделеп, инвесторлармен қолайлы жағдайда жұмыс жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэймен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында екі қаланың арасында ресми түрде бауырластық байланыс орнатты. Сонымен қатар алдағы уақытта Сианьде Қазақстанның Бас консулдығы ашылатын болды. Кездесу барысында қалалар арасында мәдениет, туризм, ауылшаруашылығы, құрылыс, жол-көлік салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.