Шымкентте 5 мыңға жуық жоба мемлекеттік қолдау тапты

Шымкент қаласында былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41,6 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік бағдарламалар аясында ұлғайып отыр, жыл сайын бюджеттен арнайы қаражат бөлінеді.

Бизнесті қолдауға бағытталған барлық бағдарламалардың принциптері кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.

Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсету бойынша тиісті қаржы бөлініп, 2022 жылы 4891 жоба қолдау тапқан болатын.

Ал биылғы жылдың басынан бері 2 056 жобаға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 1 922 жобаға, «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 134 жобаға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар бойынша «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисіде кеңес берледі.

Айта кеткен жөн, Шымкент қаласы бойынша жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5% жеңілдетілген микронесие берудің бірінші легінің комиссия отырысы өтуде. Қоғамдық бірлестіктер, салалық басқарма өкілдері мен тәуелсіз сарапшылардан жасақталған комиссия құрамы жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық берді. Сонымен қоса, комиссия отырысына тәуелсіз бақылаушылар қатысып, комиссия отырысының барысын бақылады. Айта кетейік, жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені , мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 %.

Одан бөлек, Шымкент қаласында 15 мамыр –26 мамыр аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың II-ші легі бойынша өтінім беру басталды. Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.