Экономика саласында жаңа награда бекітілмек

Еліміздің ұлттық экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттауға арналған «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» жаңа медаль бекітілмек. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі ашық талқыға шығарған Үкімет қаулысында жазылған.

«Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен қызметін мінсіз жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқан, экономика саласындағы жаңа бағдарламалар мен жобаларды әзірлегені және іске асырғаны, экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру әдістерін жетілдіргені үшін, аса маңызды және күрделі міндеттерді орындағаны үшін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін кәсібилігі жоғары жұмыскерлер, шетел азаматтары және өзге де адамдар марапатталады», — делінген құжатта.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл бастама экономика саласында қызмет ететін білікті мамандарды ынталандыруға, көтермелеуге бағытталғаны жазылған.

Құжат 24 наурызға дейін ашық талқылауда болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.